Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 - сынып. Ана тілі
Тренинг сабақ
Тақырыбы: Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал - мәтелдер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтелдермен таныстыру.
Дамытушылық: Халық шығармасының бұл түрлерін бір – бірінен ажырата білуін, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Сабақтың әдісі: Партисипаторлық әдіс.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, дүниетану.
Көрнекіліктер: Тренинг ережелері жазылған плакат, үлестірмелі қима қағаздар, топ ұпайларын белгілейтін көрсеткіш.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
ә) Топтарға бөлу.

2. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг – сабақтың негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру. Сабағымызды бастамай тұрып тақтадағы ілулі тұрған сөздерді оқи отырып топтарға бөлінейік.
Қоржын. Асық. Сандық. Шаңырақ. Қобыз.
Осылайша сыныпты 5 топқа бөле отырып, ережесімен таныстыру.
1. Тыныштық сақтау. 3. Қол соғу.
2. Бір – бірін тыңдау. 4. Ойын ашық айту.

Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Сары житон – өте жақсы (5)
Жасыл житон – жақсы (4)
Қызыл житон – орташа (3)

1 - бөлім. Кіріспе бөлім.
«Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Әр топқа тапсырмалар таратамын.
Ойлануға 2 минут беріледі.
Тапсырмалар: 1. Жаңылтпашты қалай түсінесің?
2. Жұмбақты қалай түсінесің?
3. Нақыл сөзді қалай түсінесің?
4. Мақал дегеніміз не?
5. Мәтелді қалай түсінесің?
Ойын: «Кім бірінші?»

2 – бөлім. «Халық айтса, қалт айтпайды» атты бөлімде топ басшылары келіп тапсырмалар алады. Орындауға 2 минут, түсіндіруге 2 минут.
а) Мақал – мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру керек.
1. Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
2. Әркімнің өз жері – жұмақ.
3. Көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың.
4. Білімсіз адамның сөзі білектей, білімді адамның сөзі жібектей.
5. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,
Аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.
ә) Әр топқа тақырып беремін, сендер тақырыпқа сай 3 мақал - мәтел айтуларың керек.
Ойлануға 1 минут.
Ойын: «Жалғасын тап»
«Бауырсақ» ертегісінің желісімен.

3 – бөлім. «Ойлан, тап!»
а) Бұл бөлім бойынша 5 топқа жеке - жеке жұмбақ жасырамын. Ойлануға 10 секунд.
ә) Сөз жазылған қима қағаз таратамын.
(көз, кітап, ит, қоян, домбыра)
- Әр топ өзіне тиісті сөзге жұмбақ құрастырады. Ойлануға 2 минут. Құрастырған жұмбақтарын басқа топтарға жасырып, шешкен топқа ұпай қосылады.
Ойын:»Аңдар әні»

4 - бөлім. «Кім жаңылыспайды?»
Ортаға топ басшыларын шақырып, жаңылтпаш оқимын, бірден жаңылыспай қайта айтып беруі керек.
5 жаңылтпаш айтылады.
3. Сабақты бекіту, қорыту.
- Тренинг сабақ ұнай ма?
- Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
4. Үйге тапсырма: Кітапша жасап келу.
5. Бағалау. Жиналған жетондарды санау.
Ұпайларын хабарлау.
27 915
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру мақсатындағы сабақты дамыта оқыту түрінде өтті.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру мақсатындағы сабақты дамыта оқыту түрінде өтті.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Сан есім
Сан есім
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Архаизмдер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар. Мақал - сөздің мәйегі
Архаизмдер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар. Мақал - сөздің мәйегі
Астана қаласы «Техникалық колледжі» МКҚК қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Махметова Жанаргуль Койшыбаевна
Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Батаева Зағира Қарабекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×