Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар

04 наурыз 2019, Дүйсенбі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру мақсатындағы сабақты дамыта оқыту түрінде өтті.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі
Көрнекіліктер: Бақылау картасы, құпия сөз, мақал - мәтелдер, қоржын, рейтенгі жүйесі, ережелер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылар назарын сабаққа аударған соң, сынып үш топқа бөлініп дөңгелек стол айналасына отырғызылады. Үш топқа топ басшысын тағайындау.
1. «Қабілет» тобы
2. «Дарын» тобы
3. «Парасат» тобы
(Әр топ білімділігін, іскерлігін, тапқырлығын алған ұпайларын рейтенгі жүйесі бойынша анықтау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мағжан Жұмабаевтың «Қарағым» Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңдерін жатқа сұрау. Сұрақ қою арқылы қорытындылау. Бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар біз қандай бөлімді аяқтадық?
- «Білім өмір шырағы»
- Бұл бөлімде кімдердің шығармаларын оқып таныстық?
- А. Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру»
- С. Бегелдиннің «Шоқан»
- А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз. Ауылға келген мұғалім»
- Ы. Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұртта»
- Машқар Гумеров «Күмән»
- Т. Молдағалиев «Мамандық таңдау»
- М. Жұмабаевтың «Қарағым»
- Шәкәрім «Амандық борышың»
- Бүгін бұл тараудың соңғысы халық ауыз әдебиеті шығармаларының түрлері: жаңылтпаш, жұмбақ, мақал - мәтелдер болмақ.
Біздің бүгінгі сабағымыз: 4 деңгейден, 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлім сайын ұпай қойып отырасыз.

І. Деңгей: «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
А) Тапсырмалар
1. Жаңылтпаштың қалай түсінесіз?
2. Жұмбақты қалай түсінесің?
3. Мақал дегеніміз не?
(Сұрақты топ басшылары алады)
Әр деңгейден кейін әділқазы бағасын береді.
Ә) Оқулық пен жұмыс. Жаңылтпаш, жұмбақ, мақал - мәтелдерді мәнерлеп оқып, талдау.

ІІ. Деңгей «Халық айтса, қалт айтпайды»
(Топ басшылары сұрақтар алыңыздар)
А) Мақал - мәтелдердің мағынасын ашу.
1. Жаман аттан аяғым артық.
Жаман жолдастан таяғым артық.
2. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.
3. Түйедей бой бергенше
Түймедей ой бер.

Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Өткізген: Г. Ибат
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар жүктеу
2 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал-мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы
Мақал-мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы
Қазақ халқының мақал - мәтелдері арқылы білімділікке, адалдыққа, әділдікке, еңбексүйгіштікке, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру мақсатындағы сабақты дамыта оқыту түрінде өтті.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер
Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күншығарова Сәния Капизуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×