Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су және оның қасиеті

08 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Су және оның қасиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру
Сабақтағы көрнекіліктер, құралдар: Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі физикалық карталар кескін карта, суреттер, кесте, сызбанұсқалар, су құйылған ыдыстар.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жобалау әдістері. көрсету( видео, слайд)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру, қызығушылықты арттыру.
2. Өткен материалды еске түсіру. Тәжірибелік жұмыстар.
3. Қайталау, қорыту, бекіту. Үйге тапсырма беру, бағалау.

Сабақтың барысы:
1. Бөлім. Ұйымдастыру, қызығушылықты арттырылады
Мұғалім: Қоңырау соғылды, сабақ та міне басталды! Ал, бүгінгі сабақ ерекше. Ол сендердің білімдеріңді бекітетін, кіріктірмелі сабақ. Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның кім екенін табыңдар!
Құпия қонақтың хаты:
Мен сұйықпын да, мұзбын да,
Тамшысымын жаңбырдың.
Оюланған қыраумын,
Жылымын да, салқынмын.
Шөлдесең кеуіп кенегең,
Мейіріңді қандырдым.
Сыйлаймын мен тазалық,
Рақат беріп денеңе,
Айта қойшы кіммін мен?(Су)
- Қандай белгісінен білесіңдер?
- Былайша қарағанда күнбе-күн қолданып жүрген судан қарапайым не бар?

Француз ұшқышы, жазушы, соғыс кезінде сахара шөлде біраз уақытын өткізуге мәжбүр болған, сөйтіп бір жұтым судың қадірін білген Антуан де Сент Экзюперидің: «Сенің дәмің де, түсің де, иісің де жоқ, сені ешкім де сипаттап бере алмайды, сенің не екеніңді білмей - ақ сенен рақат табады. Сенің өмір үшін қандай керек екеніңді сөзбен айтып жеткізуге болмайды, себебі, сен - өмірдің өзісің»- деген сөзі бар.
Дегенмен, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Су туралы біз не білеміз?
Ал енді интерактивті тақтаға қарайық: ол сендерге көрінеді. (Су туралы суреттер, су дыбысы, бейнефильмнен үзінді. Ол фильмде табиғаттағы су түрлері (өзен - көлдер, т. б.) үлкейтіліп көрсетілген, адам мен судың арақатынасы өте әдемі баяндалады).

ІІ Бөлім. Өткен материалдарды еске түсіріліп, тәжірибелер жасалады
Ол үшін оқушыларды 4 топқа отырғызамыз. Оларға еске түсіру үшін жалпы сұрақ қойылады.
1. Жер бетінде су қалай таралған?
2. Судың тіршілік үшін маңызы қандай?
3. Жер асты суы қалай пайда болады?
4. Өзен дегеніміз не?
5. Көл дегеніміз не?
6. Дүние жүзі судан неліктен тапшылық көруде?
Су туралы жалпы түсінігіміз бар болса, сабақты демонстрациялық тәжірибелер арқылы су қасиеттеріне көз жеткізейік:

1 топ. Зерттеу жұмыстары. Су қасиеттерін сипаттауға түрлі тәжірибелер жасалады.
А) стакандағы суға қант салып, оның жақсы еріткіш екенін;
Ә) суға сүт құю арқылы түссіздігі,
Б) иіссіз екені арқылы;
В) қыздырғанда су сұйық күйден гассыз күйге айналады, т. б. қасиеттері анықталады.

2 топ. Картамен жұмыс. (физикалық, кескін карталары)
А) Қазақстандағы ірі өзендерді атап көрсету. Жергілікті жер өзені арқылы айту.
Ә) еліміздегі көлдерді атап кескін картаға жазу. Өз жеріміздегі көлді атау.

3 топ. «Су тіршілік көзі» тақырыбында шығармашылық жұмыс.
Өзен, көлдерге арналған ақын - жазушылардың өлеңдерін оқу, әңгіме айту, сурет салу, т. б.
4 топ. «Судың да сұрауы бар» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?
Халықтық тағылым, ырым - тыйым, аңыз - әңгімелер.

ІІІ бөлім Мұғалім: Әрі қарай сабақ - презентация «су туралы айтар болсам» деген тақырыппен сендер су туралы орындаған тапсырмаларыңды қорғайсыңдар. Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.

Оқулықпен жұмыс Мәтінді түсініп оқу. Дәптермен жұмыс, кескін картамен жұмыс тексеріледі.
Бағалау
Үйге тапсырма:
10 402
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі туралы түсінік беру, топырақ пайдасы жайлы түсіндіру. Өткен сабақтар бойынша білімдерін арттыру жұмыстарын жүргізу, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Су және оның қасиеті
Су және оның қасиеті
Шығыс Қазақстан облысы "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «Балапан» шағын орталығы тәрбиешісі Тлегенова Л. Е.
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×