Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы.Алтынсарин «Өзен»

22 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Өзен»

Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсарин туралы білімдерін кеңейте түсу; жүйелі сөйлеуге үйрету.
Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға, жалпы тіршілік иесі үшін қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру.

Сабақтың білімділік мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу, оның мазмұны мен идеясын ашу. Оқу түрлері:
түсініп оқу, іштей оқу, жылдам оқу, теріп оқу, тізбектей оқу, кідіріп оқуға басты назар аудару. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жұмыстарды оқушы деңгейіне қарай ұйымдастыру.

Сабақтың дамытушылық сипаты: Оқушының ой - өрісі, дүниетанымын кеңейту, 12 жылдық білім беруге сәйкес, оқушының ойлау, елестету, жүрекпен жете сезіну, қабылдау қабілеттерін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту

Сабақтың тәрбиелік міндеті: Оқушыларды ізденуге жетелеу, жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу; Қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беріп, әсемдікті
сезінуге, туған жерін қадірлеуге, мақтан етуге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин туралы материалдар; суреті, шығармашылығы, кітаптарынан көрме, слайдтар. Табиғат көрінісі, Қазақстанның физикалық картасы, ҚР - ның Әнұранынан бейнебаяны, кесте, ойындарға қажетті заттар, үлестірме карточкалар, Н. Ә. Назарбаевтың «Казақстан - 2050» стратегиялық жолдауынан оқушылардың жұмысы.

Сабақта пайдаланған әдіс - тәсілдер:
1. Ойын арқылы оқыту технологиясы.
2. Дамыта оқыту технологиясы
3. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
4. Оқытуды оқушылардың жауабы арқылы басқару
әдісі
5. Халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеу әдісі
6. Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік, түсіндірмелі
әдістері
7. Деңгейлеп оқыту технологиясы
8. Сатылай - кешенді талдау әдісі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Жақсы тілек тілейік!
- Балалар бүгін қыс мезгілінің ең соңғы күні, ертеңнен бастап көктем айы басталады. Күлімдеген көктем айында, табиғатымыз Жер - Ана бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды. Олай болса, біз де бір - біріміздің алақанымыздың жылулығын сезіне отырып, жақсы тілек тілейік!
- Балалар біз ең алдымен кімге жақсылық жасауымыз керек! – Анаға, тағы да анаға, тағы да анаға! Содан кейін Отанымызға, туған - туыс, дос - жаранға, жалпы өзіміздің жанымыздағы адамдарға жақсылық жасағанымыз абзал.
- Көркем сөз. ( «Ана», «Отан» туралы)
2. Әнұран орындау
- Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. өзіміздің егеменді, тәуелді Отанымыздың рәміздерімен мақтанамыз. Олай болса, мемлекеттік әнұранды шырқайық. Теледидардан слайдталған әнұран жіберіледі.

3. Жаңа сабақ.
а) «Табиғатпен тілдесейік». Әдісі: сұрақ - жауап
- Біздің айналымызды не қоршап жатыр?
- Табиғат дегеніміз не?
ә) Табиғатқа байланысты «Жер», «Су», «Ауа» топтарына бөлу. Оқушылардың өз аттарын қорғауы
б) «Табиғат және адам», « Табиғат - менің өз үйім», «Табиғатты аялау, қорғау» тақырыпарында әңгіме жазу.
- Табиғаттың тамаша көрінісін көзімізді жұмып, жан дүниемізбен сезініп алып, енді қағаз бетіне түсіріңіздер
(Теледидардан « Табиғат тамашалары»
тақырыбындағы бейнебаяны жіберіледі)
в) « Табиғат - менің өз үйім» тақырыбындағы тарауға байланысты пікірлерін тыңдау.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені....
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
- Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...
- Мен табиғатты қорғаймын, өйткені....

г) Ы. Алтынсарин туралы не білеміз? Әдісі: сұрақ - жауап, оқушылардың үйден даярланып келген ақпараттарын тыңдау.
- Ыбырай шығармаларынан қандай тәрбие аламыз?
- Ыбырай отбасы туралы не білеміз?
- Сонда Ыбырай Алтынсарин кім екен?
Ы. Алтынсарин туралы мағлұмат беру.
Ы. Алтынсарин - ақын, ағартушы, ғалым, жазушы. Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оқулық жазған. Ы. Алтынсарин 5 жасында әке - шешесінен жетім қалып, атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Атасы кейін Орынборға оқуға жібереді. Сол кезде кішкентай Ыбырай атасын, әжесін сағындым деп хат жазады. Ол хатқа атасы Балғожа былай деп жауап жазыпты:
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағаллам.
Атаң мен анаң мұнда аман - есен,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Ата - анамды сағындым деп аһ ұрарсың,
Білімге көңіл бөлсең басыларсың
Білімді қатарыңнан білсең егер,
Ата - анаңды сонда ғана асырарсың,- деген екен

ғ) «Өзен» өлеңін мұғалімнің оқуы. Әдісі: мәнерлеп, жатқа айту. Теледидардан «Өзеннің ағысы» тақырыбында бейнебаян жіберіледі
4. Оқулықпен жұмыс
а) оқушылардың оқуы. Әдісі: іштей оқу, кідіріп, мәнерлеп оқу, «түртіп алу» стратегиясы
ә) сөздік жұмысы әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу
5. Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі
а) Қазақстандағы өзендерді еске түсіру. Әдісі: сұрақ - жауап
ә) Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс. Әдісі: картадан көрсете отырып, ірі өзендер туралы түсінік беру
Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі - уақты өзендер бар. Бірақ соның ішінде 1000 км - ден асатын 7 ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын болсақ.
1. Ертіс - 4242 км. 2. Тобыл - 1600км. 3. Жайық - 2428 км. 4. Есіл - 2450 км. 5. Сырдария - 2212км. 6. Іле - 1400 км. 7. Шу - 1186 км.
б) өзеннің пайдасы туралы әңгімелеу
Өзен пайдасы: кеме жүзуге, жүк тасымалдауға қолайлы. Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады. Қытай шекарасына дейін бара алады. Сырдария өзені - Тянь - Шяньнан бастау алады, Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды. Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.
6. Елбасының Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан - 2050» стратегиялық жолдауындағы бағыттардың бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген. Әдісі: оқушылардың өз жұмыстарымен таныстыру жолы.
7. «Жер - Анаға» хат жазу
8. «Су - тіршілік көзі» ой толғау.
Суға байланысты тыйым сөздер айту.

9. «Сыңарын тап» ойыны.
әдісі: мақал - мәтелдердің сыңарын табу.
10 «Білімге деген кұштарлық» ойыны.
Әдісі: топпен жұмыс

Жүрегім менің нәзік тал,
Лүп етсе желге иілген.
Жүректе қандай жазық бар,
Жалықпаса егер білуден
Ыбырай шығармаларының картасын жасау
11. Өзеннің суретін салу
12. «Не білдік?» «Не үйрендік?»
әдісі: топпен жұмыс. Сызбаларды толтыру.
13. Қорытындылау. Әдісі: Оқушылардың жауабы арқылы басқару, сызба құрастыру, сатылай - кешенді талдау.
14. Бағалау. Әдісі: мониторингті әр топқа беру, таныстыру.
15. Үйге тапсырма
-«Өзен» өлеңін жаттау.
- Оқулықтағы 11 - тапсырманы орындау
16. Сабақ соңында оқушылар қосылып, өлең
жолдарын айтады.
Қазақстан, туған жерім - киелім
Қастерлеймін, басымды да иемін.
Табиғатың - таптырмас жан байлығым,
Бәрін - бәрін аялаймын, сүйемін
17. Сабақ аяқталды.
20 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
ДҮНИЕТАНУ Дүниетану. 2 - сынып № 1. Тақырыбы: Адам өміріне не қажет? № 2. Тақырыбы: Адам өміріне ең қажетті жағдайлар.
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Табиғаттың адам өміріне, жан -жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×