Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақ

09 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Даярлық сыныбы
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: Геометриялық пішін үшбұрыш.

Мақсаты:
1. Геометриялық пішін үшбұрышпен таныстыру. Білімділік бағытындағы 5 көлеміндегі сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру. Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, пішінін,, санын бақылай отырып, логикалық есептер шығаруға, жұмбақ жасыруға, ауызша есептер құрастыра отырып балалардың білімдерін жаңа ақпараттармен байыту.
2. Дамытушылық мәні: Өздігі мен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын арттыра отырып зейінін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мәні: Халық ауыз әдебиеті (ертегі, жұмбақ, қызықты тақпақтар) арқылы білім мен өмірді байланыстыра, ой еңбегіне бейімдеп адамгершілік қасиеттерге баулу.

Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісі бойынша кейіпкерлері, тапсырма кедергілері, ребус, сандар, геометриялық пішіндер.

Әдіс - тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, сахналау, ауызша - жазба есептеу.

Сабақтың барысы:
1-кезең: Сәлемдесу рәсімі: Қуан! Шаттан! Алақай!,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Балаларды жинақтап, үлкендерге сыйластық, құрмет көрсете, көңіл күйлерін көтеру.

2-кезең: Сабаққа деген қызығушылығын, өткенді қайталау, білімдерін байқау, бекіту мақсаты көзделеді.

Т: - Балалар, сендер қандай қазақ халық ертегілерін, орыс және басқа ұлттың ертегілерін білесіңдер?
Б:--«Алдар Көсе хикаялары», «Шалқан», «Ешкі мен 7 лақ», «Қызыл телпек».
Т: - Жарайсыңдар, біз бүгін ертегі еліне саяхатқа барамыз.
Осы кезде доп домалап келеді.
Т:- Балалар, бұл не?
Б:- Доп домалап келді.
Т - Кәне дұрыстап қарайықшы бұл доп па екен?
Б:- Жоқ бұл бауырсақ!
Т:- Бауырсақтың пішіні қандай?
Б:- Бауырсақтың пішіні -- дөңгелек, алмаға, күнге ұқсайды.
Т:- Біз «Бауырсақ» ертегісін білеміз ғой.
- Бауырсақпен ең бірінші кім кездесіп еді?
Б:- Қоян, кездесті.
Қоян секіріп кіреді. (қол қуыршағымен көрсету)
Қоян:- Балалар, мен сендерге тапсырма алып келдім, шешуін кім шешеді?
Тез шешсеңдер мен бауырсақты жемеймін.
(жекелей тақтаға шығару, карточкамен жұмыс)
А) Мына шатасқан сандарды ретімен орналастыру керек, тура және кері санау.
2 1 3 5 4 (5 4 3 2 1)
- 2 бала тақтаға шығады, қалғандары орындарында жасайды.
Т: Қай сан тұр ең бірінші? 1, біреу. Не бізде бір?
Б:- Отанымыз бір. Анамыз біреу. Еліміз бір. Күн, Жер, Ай.. т. б.

Ә) (Жеке - жеке: Жұмбақ шеше, өлең айту)
Жұмбақ: Бұл сан тұр бірді алға алып. Бұл қай сан?
Б: - 2 саны.
Т: - 2 - Сан туралы не білеміз?
Б: Жұмбақ: Екеуі қарап тұр, ал екеуі тыңдап тұр.(2 көз, 2 құлақ)
Өлең: Міне екі саны тұр,
Қараңдаршы неткен түр!
Мойнын алға иеді,
Құйрығын ертіп жүреді.
Қоян:- Жарайсыңдар балалар мен бауырсақты жемеймін.
(балаларға суретсіз дөңгелек таратады)
Т: Қояннан кейін кіммен кездесіп еді?
Б: Қасқырмен.
Т: - Қасқыр қандай аң?
Б:- Жабайы.

Қасқыр кіреді:- Мен сендерге тапсырма әкелдім, тез шешуін таппасаңдар бауырсақты жеп қоямын.
(Карточкамен жұмыс) А) «Ойлан тап?»
1+ * =2
2 - * =1
Ә) «Көршісін тап»
* 2 *,
* 1 *
Қасқыр бағалап мадақтайды (суретсіз дөңгелектер таратады)

Т:- Келесі кім кездесіпті?
Б: - Аю.
Т: Қай жануарды біз қыс кезіңде кездестірмейміз?- Неге?
Б:- Аюды. Ол қыс бойы ұйықтап жатады.

Аю кіріп:- Менің тапсырмамды орындасаңдар бауырсақты жемеймін... . Мен сендерге қызықты суреттер әкелдім.
А) Сандар арқылы суреттелген балық, кірпінің бейнелері.

Ә) Сергіту сәтін жүргізеді: Аюдың үйі үлкен,
Қоянның үйі кіші.
Аю үйіне кетті, артынан қоян да кетті.

Т: 1 2 3 сынып іші тыныш
Жалқаулықты қояйық,
Сабағымызды жалғастырып,
Жаңа сабақ бастайық..

3-кезең
Т:- Келесі кім кездесіпті?
Түлкі кіреді:- Мен сендерге ертегі айтып берейін, ал сендер тыңдамасаңдар
Мен бауырсақты жеп қоямын.
«Ерте, ерте, ертеде 2 дөңгелек болыпты. Олар бір күні ойнап жүріп, белгісіз бір пішінді көреді. Шошып кетіп, ағаш артына тығылып қалады да:- «Бұл кім екен?» деп ойлайды.
Үлкен дөңгелек кіші дөңгелекке:-« Жүр, танысайық, атын сұрайық» дейді. Екеуі әлгі пішіннің алдынан шығып танысады.
- Сәлеметсің бе! - Біз геометриялық пішіндерміз.- Мен үлкен дөңгелекпін. - Мен кіші дөңгелекпін, біз домалай аламыз, күнге, тәрелкеге ұқсаймыз, біздің бұрышымыз жоқ,- десіп танысыпты.

- Мен де геометриялық пішінмін қараңдар, менде барлығы үш - үштен. 3 - қабырғам, 3 - бұрышым, 3 - төбем бар.

Маған бұл ұнайды, себебі мен ҮШБҰРЫШПЫН!!
- Мен үйдің шатырына, шырша ағашына, пирамида ойыншығына, жол белгілеріне ұқсаймын - деп танысады үшбұрыш.
Сонда, дөңгелектің біреуі:-« Біз де, сен де геометриялық пішіндерміз кел, дос болайық!» - деседі.
Түлкі:- Міне балалар, сендерге менің ертегім ұнады ма?
Б:- Ия ұнады.
Т: Қандай пішінмен таныстырды түлкі?
Б:- Үшбұрышпен.
Т:- Неге үшбұрыш дейміз? Түлкінің сендерге өзі жасаған үшбұрыштары бар екен зерттеп көрейікші?

4-кезең
Дөңгелекпен үшбұрышты салыстырады – Ұқсастығын, айырмашылығын табады.
Т:- Үшбұрыш неге 3 санын жақсы көреді?
Б:- Себебі үш бұрышы бар, үш қабырғасы, үш төбесі бар, барлығы үш - үштен.
Т:- Түлкі, ертегі өте қызықты екен.
Түлкі:- Менің сендерге тағы тапсырмам бар.
«Жетпей тұрған пішінді тап?» (геометриялық фигураларға үшбұрышты қосып салғызу)
Түлкі балалардың жұмыстарын тексеріп, бағалап мадақтайды.
- Жарайсыңдар! Бауырсақты мен жемеймін.

5-кезең
Қорытынды:- Міне балалар, түлкіден де бауырсақты құтқарып алдық.
- Қай жануардың тапсырмасы ұнады?
- Түлкінің ертегісі кімге ұнады? Не туралы?
- Қандай геометриялық пішінмен таныстық?
Балалар таратылған дөңгелекке бет - бейне салады ұнаса - күлкі, ұнамаса - жылаған түрін.
- Ай жарайсыңдар, - деймін!.
Саяхат сабағымыз аяқталды.
6 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Геометриялық прогрессия
Геометриялық прогрессия
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі Қалиева Зейнегүл Борамбайқызы
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×