Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш

09 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Топ: Ортаңғы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, суреттері мен карточкалар.
Әдіс - тәсілдері: мнемотаблица, дьенеш технологиясы.
Сөздік жұмыс: дөңгелек, үшбұыш, төртбұрыш,
Үштілділік компонент: пішін - фигура, дөңгелек - круг, үшбұрыш – триугольник, төртбұрыш - квадрат.

Мотивациялық - қозғаушылық
Балаларға шеңбер болып тұруға ұсынылады. Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша! Осы бөлмеге шуағын төгіп, нұр беріп тұрған күнге қарайықшы.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер - ана!

Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде күн қандай болады?
Не жауады?
Күн салқын болып жел тұрғанда жапырақтар не істейді?
Жапырақтардың түсі қандай?
Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Мынау үшбұрыш.
Түсі қандай?
Үшбұрыштың неше бұрышы бар
Мынау балалар қандай пішін?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Мынау төртбұрыш
Түсі қандай?
Мынау қай пішін түрі?
Дөңгелектің түсі қандай
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар менің қолымдағы карточкалардағы түстерді алып орталықтарға бөлінеміз.
Әдебиет орталығының жұмыс әрекеті:
Тақпақты мнемотаблица арқылы жаттаймыз.
Төртбұрышты қолданып,
Үшбұрыш қолданып
Көрпешені жасаймын
Әдемісін ішінен
Қуыршаққа сыйлаймын.
Құрастыру орталығының жұмыс әрекеті: Дьенеш технологиясы арқылы үй құрастыру.
Бейнелеу орталығының жұмыс әрекеті:
Д\О: Жоғалған пішінді тап
Шарты: Бос орынға тиісті пішінді сал
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш жүктеу
4 613
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір - бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым - қатынастарын байыту. Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс - әрекетке тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?
Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×