Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарама - қарсы мәндес сөздер

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қарама - қарсы мәндес сөздер
Мақсаты:
Білімділік. Қарама - қарсы мәндес сөздерді ажырата білуге ықпал жасау. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, нұсқа түрлі суреттер.

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
(Оқушыларға шеңбер құрғызып, бір - біріне жақсы тілектер айтқызу)
2. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Ойын: "Көршім қайда?" Ас -?, Бала -?, Қария -?, Ержүрек -?, Мейман -? (синоним сөздерді табу)
3. Ой ашар:
Мақал - мәтелдер
1. Дос басқа қарайды
Дұшпан аяққа қарайды.

2. Батыр бір рет өледі.
Қорқақ мың рет өледі.

3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы.
Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.

(Осы мақалды оқып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу керек)
Қарсы мәндес сөздер
4. Кестемен жұмыс:
Сөз (мағынасына қарай)
- Мәндес сөздер
- Қарсы мәндес сөздер
- Көп мағыналы сөздер
Біз өткен сабақта қандай түрімен таныстық? (Ережесін айту, талдау, талқылау)
5. Топқа бөлу ( Мақал ішіндегі қарама - қарсы ұғымды білдіретін сөздерді алу)
1 - топ: Достық тобы
2 - топ: Батырлар тобы
3 - топ: Жақсылар тобы

6. Оқулықпен жұмыс ( 61 - бет 1 - жаттығу)
Жазылған сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.

7. Ойын: Телефон (бір - біріне қарама - қарсы сөздер айту, айтқан сөздерден сөйлем құрастыру)
8. Сергіту сәті:
Қолымызды созамыз,
Алға - артқа бәріміз.
Оң аяқ пен сол аяқ
Секіреді жылдам - ақ
(қарама - қарсы сөздермен жаттығу қимылдарын көрсету, алға - артқа, оң - сол)
9. Топпен жұмыс
Мақсат қою:
1. Фразеологиялық сөздерді табу.
2. Сөздердің түрін ажырату
3. Мағынасын түсіндіру
4. Сөйлем құрастыру
5. Қортындылау
1 - топ: Бала Мұхтар далаға шығуға жүрексінді.
Осы шіркінді қайтемін бас десе, құлақ дейді.
2 - топ: Бүгінгі күні Жамал кәрі ата - әжесінің қолын жылы суға салып отыр.
Кенен Әзірбаев қолы қысқа болғандықтан "Бозторғай" әнін шығарған болатын.
3 - топ: Заттарым жоғалып, қолым кесіліп отырғаны.
Ол бір тәулік нәр татпай, әбден ашыққан соң, жүрек жалғаудың жолын іздеді.
10. Шығармашылық жұмыс: (сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру)

11. Ойын: "Жақсы - жаман"
(Оқушылар түрлі - түсті суреттерді және таныс заттарды таңдап алады. Оның жақсы - жаман қасиеттерін сипаттап, айтып шығу. жауаптар бірін - бірі қайталамау керек)

12. Ой қортынды:
1. Венн диограммасына салу
13. Үйге тапсырма:
14. Бағалау: Оқушылар өздерін семантикалық карта арқылы бағалайды.
25 354
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Ж.Қ.
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Игисинова Гулайым
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×