Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарсы мәндес сөздер

09 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: « Қарсы мәндес сөздер»
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы жалпы түсінік беру.
Б) оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
В) Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақ әдісі: Әңгімелеу, эвристикалық әдіс, ойын түрлерін пайдалану, талдау, жинақтау әдісі
Сабақты өткізуде қолданылатын әдіс: Л. В. Занков «Дамыта оқыту жүйесі»
Көрнекілігі: жеке суреттер, кестелер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа даярлығын, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткен сабақтағы мәндес сөздер туралы жалпы білімін тексеру. Үйге берілген тапсырмаларды оқыту, кестемен жұмыс жүргізу.

Мәндес сөздер:
Қасқыр -бөрі
Ескі -
Батыр -
Әдемі -
Адал -
Адал сөзімен сөйлем құрату, мәндес сөзбен алмастыру.
Ал, бүгінгі сабағымызда, балалар, мағынасы қарама-қарсы сөздер жайлы оқимыз. Сөйлегенде, жазғанда мағынасы қарама-қарсы сөздерді пайдалана білуді үйренеміз.
Кіріспе:
Суретпен жұмыс
Күн-Түн
Ақ-Қара
Биік-Аласа
Ескі-Жаңа
Есік-Төр
Не байқадыңдар? Бұл қандай сөздер?
- Бұл сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы. Енді, мағыналары қарама-қарсы сөздерден мысалдар келтірейік. Адал-арам, жаман-жақсы, дос-дұшпан, ұзын-қысқа, ашу-ақыл.

Оқулықпен жұмыс. (205 жаттығу)
Жазылған сөз жұптары оқылып, мағынасы түсіндіріледі.
207-жаттығу. Жаттығудың шарты оқылады. Бір оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.
- Абай ата кім?
Ұлы ақын.
Атамыз нені жақсы көріпті?
- Жұмбақтарды
- Жұмбақтар нені қажет етеді?
- Тапқырлықты және ақылды
- Атамыз айтқан сегіз батырды ата.
- Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық (сөйлемдер құрау)
- Абай атаға ұқсап, біз де жұмбақтарды шешуді жақсы көреміз, иә балалар. Өйткені ол өте қызық ойын. Мен бастап жұмбақ жасырамын.
Бар ма, жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін
(ауа)
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
(әріптер)
Мағынасы қарам-қарсы сөздер
1. Бар-жоқ
2. Аппақ-қара
- Ал, сендер балалар, қарама-қарсы сөздері бар жұмбақтарды білесіңдер ме?
Үлестірмелі қима қағаздар таратылады.
№1 мақалдан мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
№2 жұмбақты шешіп, мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен боп қорқады
(аю)
№3 Мағынасы қарама-қарсы сөздерге сурет сал.
№4 Шығармашылық жұмыс
№5 Сызба арқылы мағынасы қарама-қарсы сөздерді көрсет.
Алды жаман
Жақсы Төр
Есік Арты
Үлестірмелі парақшалар оқылады, бағаланады.
Сабақты қорытындылау
Сонымен, біз бүгінгі сабақта мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік алдық. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айттық. Керемет суреттер салдық.
Үйге тапсырма. Қарама-қарсы сөздері бар өлең шумағын жазып келу
Бағалау.
19 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз мағынасы
Сөз мағынасы
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Игисинова Гулайым
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Қарама - қарсы мәндес сөздер
Қарама - қарсы мәндес сөздер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №11 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Ботагоз Мейрамовна
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×