Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарама - қарсы мағыналы сөздер

17 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Ж.Қ.

Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қарама - қарсы сөздерді ажырата білуге үйрету. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, карточкалар, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан.
Бармысың, достарым!
Бас иемін сіздерге
Білім берген біздерге
Ұстаздарым, ардақты!
2. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Ойын: "Көршім қайда?"
Ана -?, Ас -?, Бала -?, Қария -?, Ержүрек -?, Мейман -?
Сұлу -? Шыны -? (синоним сөздерді табу) Бір – біріне жақын, мәндес, мағыналас сөздерді табу.
3. Ой ашар:
Тақтамен жұмыс
Суреттегі заттарды берілген сөздер арқылы салыстыру.
( Үлкен - кіші, ұзын - қысқа, көңілді – көңілсіз, лас - таза, ауыр - жеңіл)
Мақал - мәтелдер
Мақалдан қарама - қарсы мағыналы сөздерді теріп жазу.
1. Дос басқа қарайды
Дұшпан аяққа қарайды.

2. Батыр бір рет өледі.
Қорқақ мың рет өледі.

3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы.
Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.

(Осы мақалды оқып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу керек)
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
4. Кітаппен жұмыс
1 - жаттығу. Бет 100. Суреттегі заттарды сөздерді пайдаланып салыстыру.
2 - жаттығу. Көшіріп жазу. Мағынасын түсіндіру. Астын сызу қарама – қарсы сөздерді.
5. Сызбамен жұмыс.
3 - жаттығу ауызша орындау. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардағы сөздерді тауып жазу.
Тар -қону
Жас -Қатты
Қалың- Қысқа
Кіру -Жұқа
Көшу -кәрі
Жұмсақ -кең
Ұзын -шығу
Ауызша 1 - 2 сөйлем құру. Оны дәптерге жазу.
6. Кестемен жұмыс.
Сөздерді тиісті кестедегі бағанға жазу.
• Берілген сөздер
Жәрдем, лас, көп, момын, кір, озу, қалу
Мол, көмек, жуас, жақсы, жаман, күн, түн, қайратты, күшті.
• Мәндес сөздер ---------
• Қарама - қарсы мағыналы сөздер ------------

7. Сергіту сәті
Жаза, жаза саусағым
Әлсіредің шаршадың
Азырақ тынығып дем алып,
Көркем етіп жазамыз.
Қолымызды созамыз,
Белімізге қоямыз,
Алға - артқа бәріміз айналамыз
Оң аяқ пен сол аяқ
Секіреді жылдам – ақ
Сергіту сәтіндегі қарама – қарсы сөздерді табу

8. Сызба арқылы мағынасы қарама - қарсы сөздерді көрсет.
Алды жаман
Жақсы Төр
Есік Арты
Күн Қара
Биік Түн
Ақ Жаңа
Ескі Аласа
(Сөйлем құрап жазу)

9. Ойын: «Телефон»(бір - біріне қарама - қарсы сөздер айту, айтқан сөздерден сөйлем құрастыру)
10. Оқулықпен жұмыс ( 101 - бет 4 - жаттығу) Жұмбақты шешіп, көшіріп жазу. Мағынасы қарама - қарсы сөздерді табу.

11. Жұмбақ шешу.
Бар ма, жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін
(ауа)
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
(әріптер)
Мағынасы қарам - қарсы сөздер
1. Бар - жоқ
2. Аппақ - қара
Ауызша тапсырма.
Карточкамен жұмыс
№1 мақалдан мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
№2 жұмбақты шешіп, мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады
Кіп - кішкене арадан
Үп - үлкен боп қорқады
(аю)
Сабақты қорытындылау
- Сонымен, біз бүгінгі сабақта мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алдық. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешіп, мақал - мәтелдер айттық.
Үйге тапсырма. 5жаттығу. 101 бет.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Қарсы мағыналы сөздер
Қарсы мағыналы сөздер
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Қарама - қарсы мәндес сөздер
Қарама - қарсы мәндес сөздер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №11 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Ботагоз Мейрамовна
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×