Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі

08 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Жануарлардың адам өміріндегі және табиғаттағы рөлі, маңызы, табиғатты қорғау туралы түсінік беру
ә) дамытушылығы: Білім, білік дағдысын дамыту.
б) тәрбиелілігі: Жануарлар әлеміне қамқорлық жасау, Жануарлар мен өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы айту.
Сабақтың түрі: Білім мен дағды, іскерлікті қолдану сабағы.
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік әдісі, СТО технологияларын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлар суреттері, кітап, дәптер, бейімделу ортасы туралы суреттер

Сабақтың жүрісі:
І Қызығушылықты ояту сатысы.
Топпен жұмыс, үй жұмысын пысықтау мақсатында әр топқа тарсырма беру.
1 - топ Шөл жануарлары
2 - топ Құрлық жануарлары
3 - топ Су жануарлары
Әр топ мүшелері жануарларды мекен ортасына қарай топтастырып жазады.

Сұрақ – жауап: 1. Әр топтағы жануарлар мекен ортасына қарай қалай бейімделген?
2. Кітаптағы суретке қарай отырып, мекен ортасы туралы айтып беру.

ІІ Мағынаны тану сатысы.
1. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?
2. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы қандай?
Әр оқушы өз ойымен бөліседі:
Өсімдіктер адам өмірінде үлкен маңыз атқарады. Олар бізге оттегін береді. Ыстықта адамға сая болады. Өсімдіктер (мақтадан) жіп жасалады, одан біздер киім тігіп киеміз. Өсімдіктермен: жемістер, көкөністермен қоректенеміз. Жануарлардың етін, сүтін, майын, жүнін пайдаланамыз. Оларды көлік ретінде мінеміз. Олар бізге көп пайда келтіреді.

Кітаппен жұмыс; Жаңа тақырыпты оқу, мазмұнын түсіндіру.

Жасыл өсімдіктер - табиғаттың ерекше маңызды бөлігі. Жер бетіндегі барлық тірі ағза үшін өсімдіктің рөлі өте жоғары. Қысқаша айтқанда өсімдік - қоректендіреді, киіндіреді, баспана болады.
Жануарлар дүниесі өсімдіктердің көбейіп, таралуына, өсіп - дамуына, жеміс беруіне әсер етеді.

Тақтадағы суреттермен жұмыс: Суретте өсімдіктерден алынатын өнімдер, олардың адам өміріне маңызы туралы мағлұматтар жазылған. Адам өміріне жануарлардың пайдасы алынатын өнім туралы мағлұматтар жазылған.

Дәптермен жұмыс: Тақтадағы материалды дәптерге жазу.
Кітаптағы сурет бойынша әңгімелеу: Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы айту. Жәндіктердің табиғатқа келтіретін пайдасы туралы әңгімелесу.

Құстар ормандағы ағаштарды жасыл желекті құрттардан, зиянкестерден сақтайды. Құстар ағаш дәндерінің таралуына үлкен үлес қосады.
Бунақденелілер өсімдіктердің тозаңдануына, өсіп, өнім беруіне көп ықпал етеді.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
Табиғатта адам, өсімдік, жануар тығыз байланысты екенін сызбаға қарай отырып дәлелдеу.

Соның ішінде адамдар жануарлар мен өсімдіктерді, қоршаған ортаны саналы түрде қорғаулары керек екенін оқушыларға жете түсіндіру.

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Тақырыпқа сүйене отырып сурет салу.
«Табиғат - менің өз үйім» тақырыбына эссе жазу.
Біз не үйрендік? Қорытынды. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
48 312
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кобенова Жамила
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның бастауыш класс мұғалімі Барышева Лаура Жангировна
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Жануарлар дүниесін қорғау
Жануарлар дүниесін қорғау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×