Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік

08 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ой - өрісін, зейінін дамыту
ә/Білімге құштарлығын арттыру, білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау

Барысы
1. Ұйымдастыру
Сыныпты 4 - топқа бөлу
2. Топтардың атын анықтау, таныстыру

3. Әр топқа логикалық тапсырма беріледі.
Логикалық тапсырмалар:
1/Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

2/Айша, Әсем, Жамал үшеуінің әкелері - дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Айша мен Әсемнің ұшқыштың қызы еместігі және Әсем мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса, қыздардың әкелері кім?

3/Майра, Камила және Сания үшеуі көк, сары, ақ түсті көйлектер киген.
Майраның көйлегі ақ емес, Камиланың көйлегі ақ та, сары да емес. Қыздардың көйлектерінің түсі қандай?

4/Ойын жүргізу үшін қызыл, көк, қара түсті үш тақия дайындалған. Ержан көк пен қараны кимейтіндігін, ал Ермек өзіне көк тақия жарасатынын, Самат таңдамай - ақ кие беретінін айтты. Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киді?

4/Қазақ тілден тапсырма.
Әр топқа бір сөзден беріледі.
Сөзге дыбыстық талдау жасап, сөйлем құра.
1) Кітап
2) Дәптер
3) Қалам
4) Мектеп

5/ «Тәуелсіз елім – тірегім» эссе жазу. Топтар осы тақырыпқа жазғандарын эсселерін оқиды

6/Жаңылтпашты дұрыс, жатқа айту.
Әр топқа бір жаңылтпаштан беріледі.
1/Ықылық тиді, ықылық, түйілдім қатты тұтығып,
Ықылық қалды тұтылып, сытылып шықтым құтылып.

2/Қайрақтыда Қайратты қайраттан деп қайрапты.
Қайрат біздің қайратты, құрыш қазан қайнатты.

3/Асан бақша жақтан ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан басқарақ асқабақ әкелді.

4/Көк бұйра бір бұлақ тіл қатар былдырлап.
Тастарды ұрғылап, ағады құлдырап.

5/Қайырымдылық сөзінен сөздер құрастырып жазу

6/Ребустар шешу. Төрт топқа төрт ребус беріледі.

Сайысты аяқтау, жеңген топты анықтау.
Қорытынды
9 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логикалық есептер мен тест жинағы
Логикалық есептер мен тест жинағы
Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ математикадан дайындығы әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған.
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
Тамырлар дауы
Тамырлар дауы
Ертеде Негізгі, Жанама, Қосалқы атты ағайынды тамырлар өмір сүріпті. Үш ағайынды үнемі болмашы нәрсеге таласады да жүреді екен. Бір күні үшеуінің арасында үлкен дау шығыпты, үшеуі көшбасшы болуға таласыпты.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Математикалық – кәсіпкер
Математикалық – кәсіпкер
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×