Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық – кәсіпкер

08 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Математика
«Математикалық – кәсіпкер» ойының мақсаттары:
1. Іскерлік пен дағдыға үйрете отырып, қоғамыздың экономикалық заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру.
2. Логикалық ойлауға және «капиталды» өз білімдеріне жұмсай білуіне үйрету.
3. Ойын барысында («капитал», «құн», «қаржы», «банк», «банкрот») экономикалық ұғымдармен таныса отырып, экономикаға байланысты ойлау әрекетін және жинақтылыққа, адамгершілік пен әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру.
1. Кіріспе бөлім.
А. Банк және оның қызметі.
Ә. Банкрот ұғымдарына түсінік беру.
Б. Кәсіпкерлік туралы ой қозғау.
В. Оқушының ізденіс жұмысы.
2. Негізгі бөлім.
Әр банк қызметкерлерін ортаға шақырамыз. Ойынымыздың өтілу тәртібімен таныстырамыз.
1. Ойынға екі топ қатысады, әр топ банк басқармасы болып табылады.
2. Банктің президенті, атауы болады.
3. Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі. Әр тапсырманың қиындығына байланысты құны бар.
4. Әр банктың басты капиталы 500000 мың теңге болады.
5. Дұрыс жауап берген топтың банк есеп шотына тапсырманың құндылығына сәйкес қаржы түсіп отырады.
6. Топ дұрыс жауап бермеген жағдайда тапсырманың құндылығына сәйкес қаржы есеп шоттан кемиді.
7. Дұрыс (қосымша) топ жауап берген банктерінің қаржысы соншаға артады.
8. Банктегі қаржының яғни операциялардың дұрыс жүргізуіне бақылау тобы жұмыс істейді.
1. Үй тапсырмасы, мақал - мәтелдер сайысы (тек сандардан құрастырылған)
2 топ мақал - мәтелдер жарыстырады. Әр мақал - мәтелдің құндылығы 5000 теңге.
2. Логикалық есептер.
Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі (2 қызыл, 1 көк карточка).

Қызыл түсті кеспе қағаздағы есептер.
1. Арман, Аян, Абзал ағайынның үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
(Аян, Абзал, Арман) есептің құндылығы 20000 теңге.
2. Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математика сабағынан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, Анардың бағасы «3»- те, «5»- те емес, сонда әркім қандай баға алған?
Есептің құндылығы – 20000 теңге. (Әсем – 5, Анар – 4, Ардақ – 3).

Көк түсті кеспе қағаздағы есептер.
Бес тоғыздықты пайдаланып амалдар қолданып 10 санын жаз.
9 9 9 9 9 = 10
(9+99/99 = 10, 99/9 - 9/9 = 10). Есептің құндылығы – 10000 теңге.
3. Жұмбақтар сайысы (цифрлардан құрастырылған).
Әр жұмбақтың құндылығы - 5000 теңге.
I. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
II. Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.
Бұл не? (Бас)
III. Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (Апта күндері)
IV. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдырған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 741
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Атырау қаласы, И. Тайманов атындағы №27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Отаршиева К. А.
Математика - ғылымдар патшасы
Математика - ғылымдар патшасы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Рахметқалиева Нұртолған Тынышқалиқызы
Квадрат теңдеулер тақырыбына есептер
Квадрат теңдеулер тақырыбына есептер
[right]Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Дүйісмағанбетова Дәметкен Дауылбайқызы
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ География пән мұғалімі Ауельбекова Райкуль Айтжановна
Банк дегеніміз не?
Банк дегеніміз не?
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Жунисова Нурзила Муратовна 5 сынып. Пәні: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні
Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×