Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамырлар дауы

16 қазан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Тамырлар дауы (биологиялық ертегі)
Ертеде Негізгі, Жанама, Қосалқы атты ағайынды тамырлар өмір сүріпті. Үш ағайынды үнемі болмашы нәрсеге таласады да жүреді екен. Бір күні үшеуінің арасында үлкен дау шығыпты, үшеуі көшбасшы болуға таласыпты.
- Мен депті үлкені Негізгі «барлығыңнан үлкенмін, менің арғы ата тегімді айтатын болсам ұрықтың ұрық тамыршасынан дамимын, ең бірінші мен пайда болып топырақта ауқымым бірнеше метрді алып орналасады.
- Ал мен сенің жан жағыңнан таралғаныммен, қызметім біршама жоғары, мен сендерге нәр алып беремін, топырақтағы әр түрлі минералды заттарды сорып сендерді қоректендіремін,- депті ортаншысы Жанама. Әліне қарамай кішкентай Қосалқы да сөз сөйлепті:
- Мен Қосалқымын, мен болмасам сендердің әлдеқашан өмірлерің тоқтап, солып қалған болар едіңдер. Себебі мен сабақ пен жапырақ қолтығында орналасып, топырақта сендердің берік болып тұруларыңды қамтамасыз етемін. Үшеу ара дауды шеше алмағаннан кейін үш ағайынды әділ шешім айтар деген мақсатта Жапырақ биге жүгініпті. Барлық жағдайға қанық болған би былай депті.
- Қосалқы сен болмасаң мына екеуі топыраққа орныға алмай өмірлерін жойған болар еді. Сенің айтқаның орынды. Ал сен болмасаң Жанама мына ағаң мен інің өздеріне нәр ала алмас еді деп, үлкені Негізгіге қарап былай депті
- Негізгі сен осылардың ішіндегі ең үлкенісің және сен мына жарық дүниеге ең бірінші келесің, сенің үлкен деген атың бар сондықтан мына екеуіне ерекше қамқор болуың керек. Сендер таласпай Негізгі ағаларыңды сыйлап, оған жол беріңдер, Жанама сен Негізгі ағаңның жанына орналас, ал сен Қосалқы менімен сабақтың жананына орналасасың. Сендер бүгіннен бастап дауласқандарыңды қойып, өз шыққан тектеріңді біліп жүріңдер. Сендер тамыр типтері деген тектен шыққансыңдар, сендер өте текті болып саналасыңдар. Сендер осы өсімдіктер елінің тамыр деген ауылынан боласыңдар»- депті Жапырақ би. Бұл шешімге үш ағайынды келісіп, сол күннен бастап тату - тәтті өмір сүріпті және өз орындарын біліпті.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Қожакент ауылы №184 негізгі мектебінің
6 - сынып оқушысы: Тұрғанбек Ақнұр
Жетекшісі: Сарманова Лиза
7 787
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш жалқау
Үш жалқау
Ертеде бірінен - бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдіктің жер астындағы мүшесі – тамырдың қызметімен, оның түрлерімен таныстыру, өсімдіктің топырақтағы бөлігі, оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру; Табиғаттағы барлық жануарлар мен өсімдіктерге орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі) 2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше) 3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді ?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі) 4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×