Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лепті сөйлем

28 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып

Тақырыбы "Лепті сөйлем"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру арқылы сөйлемдер құрату. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа сабақты меңгеру. Сөйлем құрау дағдыларын тиянақтау
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Өздігінен жұмыс жасауға бейімдеу
Тәрбиелік: Оқушыларды таза жазуға, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: сызба, слайд, сөзжұмбақ
Сабақ әдісі: көрнекі құралдармен жұмыс, өз бетінше жұмыс, сұраққа жауап, салыстыру және мәнерлеп оқу.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу Біздің мақсатымыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге жаттығу берілді.
Қане, оқып шығайықшы.

ІІІ. Өткенді қайталау.
- Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?
- Ия, Сөйлем және олардың түрлерімен.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз адамның аяқталған ойы.
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Сөйлемнің үш түрі бар.
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлемнен кейін (?) белгісі қойылады.
Мысалы: Сен қай сыныпта оқисың?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз бірдеңенің жайын хабарлап тұрады. Хабарлы сөйлемнен кейін (.) қойылады.
Мысалы: Менің апам ауылдан келді.

IV Сөзжұмбақ шешу
1) Ешкінің төлі
2) Төрт түлік
3) Ең ірі жануар
4) Үй құсы
5) Аңның үйі
6) Біздің оқитын бөлме
7) Бас киім
8) нан атасы
9) Әнші құс
10) Кіші сөзінің қарсы мағынасы
11) Білім ордасы
---------Л а қ
---------Е ш к і
---------П і л
---------Т а у ы қ
----------І н
---------С ы н ы п
-------б Ө р і к
б и д а Й
-----б ұ Л б ұ л
---ү л к Е н
---------М е к т е п

IV. Жаңа сабақ,
Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен сөйлемнің үшінші түрі лепті сөйлеммен танысамыз. Лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл – күйін білдіреді. Сөйлемнен кейін (!) белгісі қойылады.

Мысалы: Алақай, ертең мен киноға барамын! Ура, бізге ертең демалыс!
Көркем жазу Пп Пп парта

V. Оқулықпен жұмыс.
240 - жаттығу. (ауызша)
Өлеңді рольге бөліп оқып, көтеріңкі көңіл дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.

241 - жаттығу.(жазбаша)
Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдырып жаз. сыныпта өнерлі оқушылар көп. Мектеп ауласында әдемі гүлдер егілген. Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе? Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе? Алақай, сыныпта өнерлі оқушылар өте көп! Ура, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!

244 - жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрату.
Әңгімеге ат қою.
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қыс мезгілі.
- Балалар қалай киініп жүр?
- Жылы және жеңіл киініп жүр.
- Олар қайда киініп жүр?
- Олар мұз айдынында ойнап жүр.
- Қане балаларға ат қояйықшы.
- Марат және Әйгерім.
- Олар не істеп жүр?
- Олар кішкентай Гүлназға коньки тебуді үйретіп жүр.
Жақсы, енді суретке қарап ат қояйық.
- Қыс қандай көңілді!, Алақай, қар жауды!

VI. Сергіту сәті.
Қане енді орнымыздан тұрып бойымызды жазып алайық,
247 - жаттығу.
Берілген сызбалар бойынша сөйлем құрау.

VIII. Үйге тапсырма.
Қорытындылау. “Жұмбақ шешу”
1. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын ( Сөйлем)
2. Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң, бір тары,
Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем )
3. Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем)
4. Ұранды, шаттықты
Өкініш аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем)
- Сонымен балалар лепті сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
ІХ. Бағалау.
33 554
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету; сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сөйлем түрлері
Сөйлем түрлері
Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау. Дамытушылық: Оқытудың тиімді әдістерін, формаларын енгізу.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Ақтөбе қаласы, №1орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×