Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем түрлері

06 желтоқсан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы
8 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Құдабекқызы Қ.

Тақырыбы: Сөйлем түрлері
Мақсаты:
а) Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Ә) Бір-бірімен қарым-қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
б) Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Типі: Жаңа білім беру
Әдісі: Сұрақ жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта

Психологиялық дайындық
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім!
“Миға шабуыл”
1. 199 - жаттығудағы сурет бойынша әңгімені оқыту
2. Сөз неден құралады?
3. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
4. Мәтін дегеніміз не?
5. Мәтіннің неше түрі бар?
6. Жуан дауысты дыбыстарды ата
Сөзжұмбақ шешу
Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз “Сөйлем” деп аталады.
Сөйлем неден құралады?
Сөйлем соңында қандай тыныс белгі қойылады?
Сөйлем
Мұғалім сыныпқа кірді. (Хабарлы сөйлем)
Сабақ қашан басталады? (Сұраулы сөйлем)
Қыс мезгілі қандай керемет! (Лепті сөйлем)

Хабарлы сөйлем аяқталғаннан ойды білдіреді. Сөйлем аяқталған соң нүкте қойылады.
Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны білдіреді. Сұраулы сөйлемнен соң (?) белгісі қойылады
Лепті сөйлем адамның көңіл күй, сезімін білдіреді. Сөйлем аяқталған соң (!) белгісі қойылады.

Кітаппен жұмыс
200 - жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
Дәптермен жұмыс
Топпен жұмыс
Алғырлар тобы - 201 жаттығу
Білгірлер тобы - 202 жаттығу
Тапқырлар тобы - 203 жаттығу
Жаттығуды болған соң әр топтан бір оқушы қорғайды.
сұраулық мағынаны білдіріп тұрған сөз қайсы?
Сергіту сәті
Тақтамен жұмыс. Сәйкестендіру
204 - жаттығу
Хабарлы сөйлемдер: Мысық қалай дыбыстайды?
Міне, жігіт!
Сұраулы сөйлемдер: Өркенің өссін, қарағым!

Мал жайылады.
Жүйрік озады.
Лепті сөйлемдер: Қасқырдың төлі не?
Ойын: “Сөз ойла, тез ойла”
Жатқа айту
205 - жаттығу. Жаңылтпаштың алғашқы екі сөйлемін сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
Топпен жұмыс
Әр топ берілген сызба бойынша сөйлем құрау.
Алғырлар тобы - _____ ______ ______.
Білгірлер тобы - _____ ______ ______?
Тапқырлар тобы - _____ ______ ______!
Жұмбақ
Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын
(Сөйлем)
Ойын: “Адасқан сөйлемдер”
Қыс келді!
Қыста не жауады.
Қыс мезгілі қандай керемет?
Сабақты қорыту
Бүгінгі сабақта не өттік?
Сөйлем дегеніміз не?
Мысал келтір.
Үйге тапсырма:
Ережені жаттау.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 988
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, талдай білуге баулу, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету, сөйлем туралы өткенді пысықтау
Қозы-қошақандар. Жіңішке дауыстылар
Қозы-қошақандар. Жіңішке дауыстылар
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия Майрамбаевна
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Сөйлем
Сөйлем
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тукупова Кульпан Кобландиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×