Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілінен 1 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары (Төрт түлік тарауы)

10 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
ТӨРТ ТҮЛІК
№1 сабақ Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.
№2 сабақ Дауыссыз дыбыс әріптері (20-21 жаттығулар) Түйе. Ботақан
№3 сабақ Жылқы. Қазақ алфавиті
№4 сабақ Боз бие. Жаттығу жұмысы
№5 сабақ Құлыншақ. Жаттығу жұмысы
№6 сабақ Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
№7 сабақ Сиыр. Жаттығу жұмысы
№8 сабақ Жуан дауысты дыбыстар. Ж.Смақов « Қой», «Қозы» өлеңі
№9 сабақ «Әнші төлдер» Бөрте лақ. Жіңішке дауысты дыбыстар
№10-сабақ Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

№1 сабақ Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінік алады. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйренеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік алады. ә) Оқу жылдамдықтары артады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молаяды.
б) Әдемі жазуға тәрбиелеу. Малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекі - құралдар: Мазмұнды сурет, сөзтізбек, тірек сызбалар, төрт түліктің пірлері, төрт түліктің суреті.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Көңіл ашар» жаттығуы.

Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, күн!
Қарады маған да. Сәлеметсіз бе, жер!
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, сіз!
Қарады саған да. Сәлеметпіз біз.

Ой қозғау. Көрнекілікпен жұмыс
3) Сөздерге дыбыстық талдау жаса

Сыныпты топқа бөлу.
Түрлі - түсті қағазбен топтастыру.(қызыл, көк, жасыл)
1 - топ - «Дауыстылар», 2 - топ - «Дауыссыздар», 3 - топ -«Төрт түлік».
ІІ. Мағынаны ажырату.
Ой шақыру. Асосациялық аймақ құру.
Дыбыстар

Дауысты
Дауыссыз
Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз.
Төрт түлік

Жылқы, түйе, сиыр, ешкі, қой

«Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.
Көрнекілікпен жұмыс
Мал аталарымен таныстырамын. (17 - жаттығу.)

Қой атасы – Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкі иесі – Сексеката,
Түйе атасы – Ойсылқара,
Иесі – Зеңгібаба.
Дәптермен жұмыс. (17 - жаттығу.)
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу. Кіші топта орындап, үлкен топта оқиды.

Сергіту сәті.
Өлеңін жазған: Н. Әлімқұлов
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.

18 - жаттығу. «Құлыншағым» өлеңін оқушыларға оқыту.
Топпен жұмыс.
Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру. Кіші топта орындап, үлкен топта оқиды.
Құлыншағым – құндызым
Құлдырайды, шабады.
Оқулықпен жұмыс.
«Төлді қалай шақырады?» Әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. Әңгіме жүргізу. Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.

ІІІ. Ой толғаныс.
1)
Кубизм әдісімен.

1. Қозыны қалай шақырады? 2. Лақты қалай шақырады? 3. Құлынды қалай шақырады? 4. Бұзауды қалай шақырады? 5. Ботаны қалай шақырады? 6. Төрт түліктің иелерін ата.

2) Логикалық тапсырма
Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?
(Түйе, ешкі, сиыр, мысық, жылқы, ит, аю)
Не артық? Неліктен?
(Лақ, құлыншақ, қозы, бұзау, түлкішек)

Бағалау. Топпен жасаған жұмыстарына, жауаптарына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма
19 - жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау. «Төлді қалай шақырады?» мәнерлеп оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
45 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал — мәтелдер, әңгімелер тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі: Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, № 44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×