Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы

23 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы (Қазақ тілі. 2 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылықтарын арттыру
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: проблемалық ізденіс, ішінара зерттеу, талдау, түсіндіру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тіл және сөйлеу тарауы бойынша алған білімдері тексеріледі.
- Сөйлеу тілінің түрлерін айт.
- Қай тіл бірінші пайда болды?
- Сөйлеу тілдері қай кезде қолданылды?
- Жазбаша тіл қалай пайда болды?
- Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой тастау.
Алдымен жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы жүргізіледі. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтірді. У дыбысының қай буында тұрғанын анықтайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. У дыбысы басында тұрған сөздерге мысалдар келтіреді.

Мағынаны тану.
Сауыр, қурай, уық, қауырсын, қуану, қулық, саумал, туыс.
Сөз ішінде айтылып тұрған у дыбысының айтылуына назарларын аударып, олардың дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын анықтауға талпындыру. Оқушылар у дыбысының кейде дауысты, дауыссыз болып айтылып тұрғанын байқаулары тиіс. Мұғалім осы сабақтарды у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болып тұру себебімен танысатындықтарын айтады.

У дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуына берілген екі сағаттың алғашқы сабағында у дыбысының дауысты болып айтылуымен танысады. 1, 2 - жаттығулар жаңа сабақтың ережесін өздері қорытындылап айтуға жетелейді. У дыбысы бар сөздері сөйлем ішінен, өлең жолдарынан тауып, буынға бөледі, оның дауысты дыбыс болып тұрғанын анықтағаннан кейін, дауысты дыбыс болғанда үнемі олардың дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын байқауына жағдай туғызу керек. У дыбысы сөздің басында тұрған кезде у дыбысын дауысты дыбыс болатынына көздерін жеткізеді.

Осындай жаттығу жұмыстарынан кейін ережені өздері қорытындылап айтады. Көздерін жеткізу арқылы өздерінің қорытынды жасауы баланың есінде жақсы сақталуына мүмкіндік туғызады.
У дыбысы бар сөздері буынға бөлуде оқушылар көп шатасады. Сондықтан 3 - жаттығу сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Бұл жаттығуда берілген сөздерге у дыбысы екі буында да кездеседі: бірінші буында дауысты, екінші буында дауыссыз дыбыс. Сөздегі екі буынды дауыстарын созып айту кезінде у дыбысының әртүрлі айтылатынын байқайды. Сондай ақ әр сөздің қандай мағына беретінін түсіндіреді.

Бұл сабақтың екінші сағатында у дыбысының дауыссыз болып қай кезде айтылатынымен танысады. Жаттығуларды орындау барысында у дыбысының дауыстыдан кейін келгенде және сөздің басында дауыстыдан бұрын тұрғанда дауысты болатындығын өз беттерінше анықтай алуына мүмкіндік беріледі.

Сөздік диктант.
Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.
5 - жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді. Жуу, суу, буу, сауу, ауу, жауу сөздерінің жазылуына назарларын аударып, әр сөздің мағынасына жеке тоқталу керек. Екі уу әріптері қатар келетін осындай сөздерге мысалдар келтіріледі.

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
Сабақты қорытындылау кезінде у дыбысы дауысты, дауыссыз болып келетін сөздерге мысалдар келтіріледі, олардың неге дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын түсіндіреді. У дыбысы бар сөздері буынға бөлінеді.

ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
37 798
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
И, Й әріптерінің жазылуы
И, Й әріптерінің жазылуы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калянурова Карлыгаш Кайржановна
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Ерте - ерте, ертеде жапан түзде сиреп қалған орманның ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең - зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×