Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы

03 сәуір 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру, у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдегі сөз құрылымының сырларын меңгертуге бағыт беру. Ойлауын, еске түсіру, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Өз пікірін сенімді айтуға, ортаға салуға үйрету.
б) оқушыларды ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға, татулыққа, өнерді, еңбекті, сүюге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдістері: зерттеушілік, ізденушілік, сұрақ - жауап, интерактивті, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, орман, құстар суреті
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау:
Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру:
Қазақ тілі – бал тілім,
Өзің барда шалқимын,
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін, - деп, қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
А) 4 – жаттығу
У дыбысы бар сөздерді тауып, неге дауысты болып тұрғанын түсіндіру.

Ә) Өткен тақырыпты еске түсіру:
1. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп бар)
2. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? (Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз.)
3. Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата. (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
4. Заттың қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата. (Не істеді? Қайтті?)
5. Бас әріппен жазылатын сөздерді ата: (Адам, жер - су, үй жануарларына қойылатын аттар)
6. Адамға, мамандыққа қандай сұрақтар қойылады? (Кім?)
7. Жануарларға қандай сұрақтар қойылады? (Не?)
8. У дыбысы қай уақытта дауысты болады? (Дауыссыз дыбыстан кейін)

Актуалдау. Филворд шешу.
9. Математикамен байланыс.
Мына филворд шешсеңдер біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
Шешуі: У дыбысы.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсаты мен міндетін хабарлау.
- Балалар, бүгін біз қазақ тілі бойынша дәстүрлі емес ертегі сабағын өткіземіз.
Ерте - ерте, ертеде жапан түзде сиреп қалған орманның ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең - зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті. Құс кетіп, біраз күн өткен соң ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап, бұтақтары сынып, діңдеріне құрт - құмырсқа түсіп, шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні - түні көмек сұрап, зарлай береді екен. Оның дауысын естіп, бір күні көгершін ұшып келеді.
Мән - жайды түсінген соң мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп келейін деп көгершін ұша жөнеледі.
Мұғалім: Балалар, ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?
Балалар: Иә.
Мұғалім: Олай болса, көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық. Алдымен мына тапсырманы орындап жіберейік.
Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Суреттегі заттардың атын жазу. У әрпі қандай дыбыстан кейін келіп тұр, оның дауысты, дауыссыз екенін сәйкестендіру арқылы сызу.

Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясы
Мухадиева Жанат Шәріпқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 241
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
И, Й әріптерінің жазылуы
И, Й әріптерінің жазылуы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калянурова Карлыгаш Кайржановна
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Қызылорда қаласы. №261 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Қойшыбаева Гүлдана Рахметуллақызы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×