Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап - тілсіз ұстаз

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: “ Кітап - тілсіз ұстаз”.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту.
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақтадағы суреттер
Сабақтың барысы: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Журналистер дайындаған жаңалықтармен танысу
Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).
- Балалар, «Кітап!... Осы бір бес - ақ әріптен тұратын сөзде қанша мән бар, мағына бар! Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім, оқушы өміріндегі ата - ана мен мұғалімнен кейінгі орынға ие құрал. Оны адал дос, асыл қазынасы мол қамба десе де болады. Ендеше, кітаптың біздің өмірімізде алар орны ерекше екенін түсінейік».
- Ал, сол үшін тілшілерімізге сөз берейік.
1 - тілші: - Армысыздар ағайын! (Нұрислам, Назерке)
2 - тілші: - Бармысыздар, бауырлар! Эфирде «Айна» ақпараттық бағдарламасы.
1 - тілші: - Бүгінгі күннің басты жаңалықтарымен таныс болыңыздар!
2 - тілші: «Не білеміз?» айдарымен Марат тілшіміздің сұхбаты.
1 - тілші: Белгілі 4 «б» сынып оқушысы - Төлеген Арманның қазақ тілі кітабы науқастанып қалыпты.
2 - тілші: «Кітапты қадірлейік!» айдарымен Ерхан тілшіміздің сұрақтарына
4 «б»сынып оқушылары жауап береді.
1 - тілші:- Әр түрлі жаңалықтар» айдарымен Динара тілшіміздің сұхбаты
2 - тілші: Тілшімізбен сұхбат
Марат тілші:- Сәлеметсіздер ме, көрермендер!
- Сонымен, Кітап – араб сөзі, «жазба», ал түрікше «дәптер» деген мағынаны білдіреді. Кітап өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастаған.
«Не білеміз?» айдарымен тілшілеріңіз Марат.

1 - тілші: Белгілі 4 «б» сынып оқушысы - Төлеген Арманның қазақ тілі кітабы қатты науқастанып, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, оқиғаның қалай болғанын түсіну үшін бейнекөрініске назар аударайық.
Көрініс. «Науқас кітап» Дәрігер - Дильназ
Арман: - Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер: - Сәлеметсің бе?
Арман:- Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.
Дәрігер:- Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық (кітапты алып қарайды)
Арман:- Мен үйде жоқта інім алып, осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер: - Көңіліңді түсірме, емдеп жазамыз! Кітабыңа су тиген, жыртылған.
Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін, жыртылмасын,
Таза болсын беттері, кірлемесін!
Көрген адам кітабың кір демесін!
- Мен саған кеңестер жазып беремін, соларды мұқият сақтайтын бол!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім көзі – кітапта
Білім көзі – кітапта
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумаханова Алтын Тенгизбаевна
Кітап – рухани қазына
Кітап – рухани қазына
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім Тұлымшаққызы
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×