Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап - біздің досымыз

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Кітап - біздің досымыз»
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелеу
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Кіріспе
Біз бүгін балалар, осы жерге не үшін жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.( Кітап)
Осы кезде музыка әуенімен қақпа ашылып, тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. «Кітап - біздің досымыз»
І. кезең «Кітап - ғажап дос»
ІІ. кезең «Кім көп біледі?»
ІІІ. кезең «Көрініс»
ІҮ. кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр»

Ү. кезең «Ойлан тап»
Мұғалім: Кітап - ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап - ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.
Кітап: Мен адамның досымын. Менің атым - кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл - ауылға, қала - қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенің сенімді досыңмын!

І. кезең «Кітап - ғажап дос»
Динара: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Нұржан: Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние - мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Ботагөз: Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Нұрымбет: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Оқушы: Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ән: «Мұғалім ол біздің»

ІІ. кезең «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал - мәтелдер айтылады.)
1. Кітап - асыл қазына
2. Оқу - білім бұлағы,
Білім - ырыс қазығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5. Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
6. Оқу түбі тоқу.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу инемен құдық қазғандай.

Мұғалім: Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

ІІІ. кезең Көрініс: «Кітаптар мұңы» «Әліппе мен дәптер»
Ән «Жалғыз саусақ»

ІҮ. кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады.)
1. Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)

3. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)

4. Айғағы жоқ, айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 740
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап – біздің досымыз
Кітап – біздің досымыз
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.
Кітап – асыл қазына
Кітап – асыл қазына
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Кітап рухани қазына
Кітап рухани қазына
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахатова Самал Рахатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×