Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім 1-6 жаттығу

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім 1 - 6 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Сұрақтарын қойып заттың атын ажырата білуін үйрету.
Дамытушылық: Оқу мен жазу арқылы ойлау қаблеттерін дамыту. Шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, дидактикалық ойындар.
Сабқтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушылар назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық

Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Ұғып алып, білім алып,
5 - ке қолды жеткізу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) Жаттығуды оқыту, талдау
ә) Ережелер

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау
а) сұрақ - жауап
- сөз таптарын ата
ә) «Кім жылдам?» ойыны
Қай сөз табына жатады?
Күлді, қалам, әдемі, жиырма бес, қышқыл, ұшты, ауа, жеті, қызық!
б) Дәптер жинау, тарату

ІV. Жаңа сабақ: Зат есім
1. Ой қозғау
Сөз жұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашайық.
қобыз
шаңырақ
түйе
әже
сандық
бүркіт
домбыра
1. Аспаптардың төресі
Әуенімен баураған
Бір тал шыбық қылымен
Ары - бері қайраған.

2. Қабырғасы тор көзі
Төбесінде тор көзі.

3. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.

4. Еркетайым, күнім дейтін
Немереге күлімдейтін. Бұл кім?

5. Төртбұрышты қорапты
Өрнектеп шебер құрапты,
Апаң соған көрпе жинапты.

6. Биікте ұшып жүреді
Елік, қоян бүреді
Қия таста ұясы
Бұл құсты кім біледі?

7. Ұзын мойын екі ішек
Қатар - қатар тепкішек
Басып көрсең бір - бірлеп
Үн шығады күмбірлеп
Ерекше тор көзден «Зат есім» деген сөз шықты.

2. 2 сыныпта өттік. Зат есім жайлы кім не біледі?
– Заттың атын білдіреді
– Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтары қойылады
3. Дәптермен, тақтамен жұмыс
Дәптерімізді ашайық
Салақтықты қояйық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
Біз сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін бірнеше аялдамаларға тоқтап, аялдамалардың тапсырмаларын орындаймыз.

1. «Білгірлер аялдамасы» 1 - жаттығу.
Суреттегі құстардың атын табу үшін қандай сұрақ қоясыңдар?
Бұл не? – Қарлығаш, сауысқан, қарға

2. «Тапқырлар» аялдамасы. 2 - жаттығу
Суреттегі заттардың аттарын ата
Кім? Арман, Гүлжан
Нелер? Қарбыз, алма, сурет, үстел.

3. «Ойшылдар» аялдамасы 3 - жаттығу
(көшіріп жаз, зат есімді тауып астын сыз, сұрақ қой).

4. Сергіту сәті
Ұйқасын тап.
1. Тұмсығымен шымшып
Құрт тереді... (шымшық)
2. Бата алмас түлкі
Үсті тікен... (кірпі)
3. Дамыл таппай бір мезет
Жортумен жүр сұр...(көжек)

4.«Білімділер» аялдамасы
4 - жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып көшіріп жаз)
5. «Мергендер» аялдамасы
5 - жаттығу ауызша
Міне балалар аялдамалар тапсырмасын да «өте жақсы» орындадық.

Шығармашылық жұмыс
3 қатарға 3 түрлі тапсырма
І қатар. Әр оқушыға сурет беріледі. Атын атап сұрақ қояды.
ІІ қатар. «Әріп қуалау» ойыны. Оқушы, ыдыс, сағат, тарақ....
ІІІ қатар. Понтомималық ойын
Әнуар ұйықтады. Оқушылар жазды. Мұғалім кірді. Жаңбыр жауды.

VІ. Сабақты бекіту
а) сұрақ - жауап
ә) сызба бойынша қорытындылау
Зат есім
Заттың атын білдіреді.
Кім? кімдер? Не? нелер?

VІ. Үйге: 6 - жаттығу
V. Оқушыларды бағалау.
4 830
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Зат есім
Зат есім
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Қызғалдақ
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Зат есім
Зат есім
Бастауыш сынып мұғалімі Амантаева Айсұлу
Зат есім
Зат есім
Мақсаты: Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 - сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту. Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Зат есім
Зат есім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×