Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ
Қазақ тілі (2 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау және күнделікті өмірде қолдана білу.
2) Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан - жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулап, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі
Көрнек: ребус, тірек сызбалар, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
373 - жаттығу.
Сын есім
қызыл бояу
Биік үй
Таза ауа
Етістік
Сиыр сауды.
Қар жауды.
Құс ұшты

Сан есім
Екі қалам
бір сызғыш.
Бес дәптер

Өткен сабақты пысықтау.
Сөз таптары
Зат есім
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Етістік
Не қылды? Не істеді? Қайтті?
Сан есім
Неше? Қанша? Нешінші?
Сын есім
Қандай? Қай?

- Адамды өрге жетелейтін не?
- Арман
- Арман адамды қандай биікке жетелейді?
- Шыңға
- Мен сендерді «Білім шыңына» шақырамын.
Сабағымыздың ұраны: «Көп білсең шыңға жетерсің»

1 - баспалдақ. «Қайталау - білім анасы».
«Домино» ойыны
1. Сөз таптарын ата
2. Зат есім сұрағын ата
3. Сын есім деген не?
4. Заттың қимылын білдіретін сөз табын ата
5. Қанша? Қай сөз табының сұрағы.

«Кім жылдам ойыны
Атауы ---- Зат есім ----- Сын есім ----- Сан есім ----- Етістік
Алма
Келді
Әдемі
Бес
Отыр
Сұлу

2 - Баспалдақ «Өнер өрге жүзеді».
Жаңа тақырып
- Бәріміз тақтаға назар аударайық
- Не көріп тұрсыңдар?
- Ребус
Осы берілген ребусты дұрыс шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Ш: Зат есім

3 - Баспалдақ: «Іздеген жетер мұратқа».
375 - жаттығу. Сөзжұмбақ шешу. Суретте берілген заттардың атауын жазу

1. Қыз 2. Шаңырақ 3. Түйе 4. Шеге 5. Сандық 6. Бүркіт 7. Домбыра

376 - жаттығу. Мақалды көшіріп жаз. Зат есімді тап.
Ақыл - тозбайтын тон.
Білім - таусылмайтын кен.
Шешен - сөз бастар
Батыр - қол бастар.

4 - баспалдақ. «Түртіп алу стратегиясы».
377 - жаттығу.
Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш жақырады.
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.

«Теріп жазу»
378 - жаттығу.
Кім? Не?
Сатушы Кітап
Дәрігер парта
Ұста түлкі
Ата ағаш
қарға
5 - баспалдақ.
«Арманы биіктің алмағы биік».
379 - жаттығу.
Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз.
Дәлелдеу үлгісі:
Ақын - бұл зат есім, өйткені - кім?- адам.
6 - баспалдақ. «Биік шың».

«Сөз сызба» ойыны.
Домбыра тартады ------------- жұлдыздар
Аспанда көрінеді ------------- құстар

Жем жейді --------------------- күйші
Көйлек тігеді ----------------- оқушылар
Орманда өседі ---------------- тігінші
Серуенге шықты ------------- ағаштар

Енді биік шыңға шығамыз.
Ендеше сабағымызды қорытындылай келе тест жұмысын орындаймыз.
1. Зат есім нені білдіреді?
а) заттың санын
ә) заттың қимылын
б) заттың атын

2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) Жандос
ә) дәрі
б) күлді
3. Аспан деген сөзді қайталайтын сұрақты тап
а) не істеді?
ә) не?
б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә) күшік, әнші
б) қыс, торғай
5. Кім? Не? Қай сөз табының сұрағы?
а) етістік
ә) зат есім
б) сан есім.
Күннің шуағы пайда болады.
Үйге тапсырма: 380 - жаттығу.
Бағалау.
29 962
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Оқушылардың зат есім жөніндегі өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру. Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан – жақты шығармашылық қабілетін
Атау септік
Атау септік
Атау септігі оның сұрақтарымен таныстыру, атау септіктегі сөздің сөйлемде бастауыш мүше қызметі атқаратынын байқау.
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Сан есім
Сан есім
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Зат есім
Зат есім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×