Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Сұрақтарын қойып заттың атын ажырата білуін үйрету.
Дамытушылық: Оқу мен жазу арқылы ойлау қаблеттерін дамыту. Шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақандай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

II Үй тапсырмасын сұрау: 6 - жаттығу
1. Жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың - қандай сөз табы?
2. Қоңыр, қышқыл, әдемі, қызық - қандай сөз табы?
3. Биледі, өсті, тазалады - қандай сөз табы?
4. Аққу, емен, оқулық, ауа - қандай сөз табы?

ІІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Заттың қимылын, қозғалысын білдіретін қай сөз табы?
2. Заттың сынын білдіретін қай сөз табы?
3. Заттың санын білдіретін қай сөз табы?

IV Жаңа сабақ:
а) оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жұмыс.
1 – жаттығу суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
1. Бұл не? сөйлемдегі сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?
2. Не? сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата? Қарға, сауысқан, қарлығаш
3. Кім? сұрағына қандай сөздер жауап болады? Мұғалім, ұшқыш, дәрігер – олай болса кім? не? деген сұраққа жауап беріп, заттың, құбылыстың атын білдіретін сөз табы зат есім деп аталады.
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
З з

3 – жаттығу. Зат есімдерді жазу.
Қыс, аяз, қар, жәндік, түлкі, тауық, олжа.
Сергіту сәті:
4 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік: сиыр, түйе, қой, жылқы.
Аңдар: қасқыр, арыстан, аю, жолбарыс.
Құстар: көгершін, аққу, қарлығаш, торғай.
Отбасы мүшелері: ата, әже, әке, шеше, аға, апа, қарындас, сіңлі
Бес жолды өлең:
Зат есім: қой
Сын есім: жуас, момын
Етістік: маңырайды, ішеді, жейді
Сөз тіркесі: биыл қой жылы.
Синоним мал
5 – жаттығу. Ауызша
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (үй жануарлары)
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (ыдыс - аяқ)
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (көкөністер)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 770
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Түменбаева Құндызай
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×