Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет

15 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мад топтарында ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет
Мақсаты: балаларға өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп – өнуі тәсілдері туралы түсінік беру. Өсімдіктердің тұқымнан өсу, даму кезеңдермен таныстыру. Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Байқағыштыққа, өз ойларын анық, сауатты түрде жеткізе білуге үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сөздік жұмыс: өсімдік, ағаш, тамыр.
Билингвалды компонент: өсімдік - растение, бөлік - часть, көбею - размножение.

Дәлелдеу
(Тәрбиеші топқа өсімдіктердің ханшайымы Флора болып кіріп келеді)- Сәлем, балалар! бүгінгі күніміз сәтті болсын деп мен сендердің алдарыңа өсімдіктердің ханшайымы Флора болып келіп тұрмын. – Қане бәріміз тұрып шаттық шеңберін орындайық.
Мына сұлу әлемде адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге күн сәулесін төгеді
Күнге қарап қол бұлғайық,
Күн күлімдеп, нұр төкті, бізге жолдап – Сәлем!
Кел қосылып айтайық бір – бірімізге - Сәлем!

Ұйымдастыру, іздену
Флора:- Балалар, біз сәлемдесу арқылы достарымызға, туыстарымызға қуаныш, жақсы көңіл - күй сыйлаймыз. Біздің достарымыз өте көп, солардың арасында табиғатта бар.
- Балалар табиғат дегеніміз не?
- дұрыс, табиғаттың бір бөлігі - ол өсімдіктер. Өсімдіктер бізге жақсы көңіл күй, таза ауа береді, азық ретінде қолданамыз және емдік қасиеті де бар.

Жұмбақ жасыру.
Неткен көркем жасыл достар
Жомарт, адал, асыл достар
Ауамызды тазартады
Бөлмемізді жаңартады.
Қарапайым өсімдік,
Бақшамызда өсірдік
Сырқаттансақ шамалы
Бізді емдеп жазады.
Сұрақ - жауап.
1. Балалар сендер өсімдіктердің нешеге бөленетіндерін білесіңдер ме?
2. Жапырағы күзде сарғайып түсетін, жалпақ жапырақты ағаштарды атаңдаршы?
3. Мәңгі жасыл болып тұратын жапырағы ине тәрізді ағаштар ше?
4. Өсімдіктердің екінші тобына жататын қандай бұталарды білесіңдер?
5. Өсімдіктердің үшінші тобына жататын шөптерді атаңдаршы?
6. Өсімдіктер тірі табиғатқа жата ма?
- Өсімдіктер жақсы өсіп, құлпырып, біздерге өздерінің алуан түрлі әсемдігін сыйлау үшін қандай жағдай керек?
- Дұрыс, күтімі дұрыс болса өсімдіктер жақсы өседі, өнеді, көбиеді.
-«Өсімдік өсу үшін топырақ жылы әрі ылғалды кезде, тұқым ісініп, жарылады, тамыр жаяды, топырақтың бетінде өскін пайда болады. Нәзік, жасыл өскін жарыққа ұмтылады. Бірінен кейін бірі екі жапырақшасы пайда болады. Жас жапырақтар өсімдікке қоректенуге көмектеседі. Гүлдері пайда болады. Оның орнын кейін ішінде тұқымы бар жеміс басады.

Сергіту жаттығуы:
Айналсын деп гүлдерге
Тұқым септік бұл жерге
Жерге тамыр тастады
Гүлім өне бастады
Жапырағы жайқалып
Үлкен гүлге айналып
Соғып еді самал жел
Ары бері шайқалып.
- Өсімдіктер неден пайда болады?
- өсімдіктердің өсу кезеңдерін атаңдаршы? Яғни бөліктерін?

Дидактикалық ойын: «Ағаш - гүл»
Өздік жұмыс.

Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданының білім бөлімі, №12 бөбекжай - бақшасының
І санатты тәрбиеші Аманғожина Халима Әлжанқызы

Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет. жүктеу
Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет слайдты жүктеу
23 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі.
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі.
Тірі организмдерде міндетті түрде болатын қасиеттердің бірі ол артына ұрпақ қалдыру, басқаша айтқанда бір особьтың өзі секілді жас особьтардың тұтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабілеттілігі.
Өсімдіктер қалай өседі?
Өсімдіктер қалай өседі?
Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту.
Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын өсімдік жамылғысы немесе флора дейміз. Қазіргі кезде жер бетінде шамамен 0, 5 млн өсімдік түрлері бар.
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Әлия Орынғалиқызы
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×