Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық кафе

18 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Гоголь орта мектебінің математика пәні мұғалімі:
Хайруллина Гульмира Батырбековна

Математикалық кафе
Мақсаты:
1. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылардың іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.
3. Оқушыны тапқырлықпен төзімділікке ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтан тыс шараның түрі: дидактикалық ойын.
Көрнекілік: кафе үлгісіндегі кабинет, үлестірмелі қағаздар, сілтемелер.
Шарты: кафе үлгісіндегі кабинетте математика мерекесіне қатысушылар
үшін үстел әзірленіп, «көршілер», «достар», «туысқандар»
сілтемелері қойылады. Ойынға 3 команда 6 оқушылардан қатыстырылады және жүргізуші «бас аспаз».
Төрешілер үшін «Есепшілер конторасы» болады.

Жүргізуші: Құрметті математикалық кафенің қонақтары бүгін кафеміздің үш столының тапсырыс берген қонақтары бар. Соларды ортаға шақырып, таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар: математика мерекесіне қатысып отырған «Көршілер», «Достар», «Туысқандар» командаларымен той басқарушыларға «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз! Біздің тағамдарымыздан дәм татып, би - билеп, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілек білдіреміз!
Кафенің «бас аспазы» - мен Салаватова Гульмира.
Төрешілер – Хайруллина Гульмира апайымыз және Саяжан апай. Ендеше, мерекеміз ашық, дастархан жаюлы. Ас дәмді болсын!!!

Ас - мәзірі:
• Қуырдақ - «Кім үлгерді, сол жеді»
• «Үш бұрыш» қосылған сорпа
• Салат «Ұмытпашы»
• «Біздің дастарханнан - сіздің дастарханға...»
• «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.
• Тоқбасар « логика қосылған балмұздақ»
Командалардың өзін таныстыруы және сәлемдесуі.
Командалар өздерінің тапсырмаларын көрсетеді: команданың аты, ұраны, сәлемі.

а) «Көршілер» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың көршілеріміз. Ұранымыз: «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық!»

б) «Достар» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың достарымыз. Ұранымыз: «Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын!»

в) «Туысқандар» командасы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың туысқандарымыз. Бір атадан тараған арифметика, физика, геометрия, химия сияқты ауылдардан келіп отырмыз. Ұранымыз: «Ғылым таппай мақтанба!»

Жүргізуші: Кеш қонақтары! Бүгінгі кештің ерекшелігі «ас мәзірінде» ерекше тағамдарға байланысты тапсырмалар бар. Тапсырманы орындаған командаға ұтыс беріледі.
Жүргізуші: Қуырдақ - «Кім үлгерді, сол жеді» берілген сұрақтарға бірінші жауап берген топқа бір ұпай қосылады.
Әр сұрақ бір ұпай.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 953
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Математикалық кафе
Математикалық кафе
Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Тажигулова Сауле Кумаровна
Математикалық дәмхана
Математикалық дәмхана
Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×