Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпжасушалы ағзалардың тыныс алу жүйесі

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Көпжасушалы ағзалардың тыныс алу жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Көпжасушалы ағзалардың тыныс алу жүйесінің мәні және маңызын, омыртқасыз жануарлардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіру
Дамытушылығы: Қосымша дерек көздерін пайдалана отырып, алдыңғы өткен тақырыппен байланыстыра отырып, салыстырып, дамыта оқыту
Тәрбиелілігі: Жануарларды аялай білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, ойын, салыстыру кестесі, диаграммалар
Көрнекілігі: мультимедия, үлестірмелі материалдар, плакаттар

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылармен амандасу
Ә) оқушыларды түгелдеу
Б) топқа бөлу
(ядро, цитоплазма, мембрана, митохондрия топтарына бөлдім)
В) зейінін сабаққа аудару

ІІ. Өткен сабақтарды қайталау «Қайталау білім анасы»
Әрбір топтан бір оқушы шығып тақтада алдын ала жапсырылған жапсырма қағаздарын таңдап алады. (Жапсырылған қағаздарда биологияның жануарларға қатысты ғылым салалары берілген. Қандай ғылым саласы екенін табу арқылы ұпайларды таңдау мүмкіндігіне ие болады)
Этология 10 20 30
Мамалогия 10 20 30
Гельментология 10 20 30
Ихтиология 10 20 30

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1) Мақал - мәтелдер сайысы. Әрбір топқа мынадай мақал - мәтелдер көрсетілді
.......... басынан шіриді

................ атпа
Досыңды сатпа

...... қамыс өлтіреді,
Ер жігітті намыс өлтіреді

Сыйлағанды сый білмес
Сипағанды...... білмес көп нүктенің орнына тиісті сөздерді табу арқылы сол ағзалардың асқорыту жүйесіне тоқталу

2) Қызықты пирамида
Омыртқалы ағзалардың асқорыту жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып қарапайымнан күрделіге қарай толтыру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Тыныс алу - ағзалардың оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын сыртқа шығаруы
аэробты – оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағзалар
анаэробты – оттегісіз тыныс алатын ағзалар

Гидраның тыныс алуы
Гидрада арнайы тыныс алу мүшесі жоқ, суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіреді. Көмірқышқыл газы дене жабындысы арқылы сыртқа шығарылады

Жауын құрты
Тыныс алу мүшесін сілемейлі жұқа тері жабыны атқарады

Шаршылы өрмекші
Денесінің баскөкірек пен құрсақ арасында орналасқан қос өкпе - ауа қапшығы арқылы тыныс алады

Қоңыздардың тыныс алу жүйесі
Денесінің екі қапталын бойлай ұсақ саңылауларды бойлай хитинді демтүтіктері жалғасқан

ІV. Сабақты бекіту
1. Қызықты конверттер. Әрбір топқа ішінде омыртқасыз жануарлардың қиындылары жасырылған конверттер үлестіріп беремін. Оқушылар суретті құрау арқылы белгісіз ағзаны тауып сол ағзаның тыныс алу жүйесіне тоқталады.

2. Сәйкестендіру кестесі. Тақтаға бір оқушыны шығарып сәйкестендіру кестесін орындатамын
Гидра --------------- демтүтікшелер
Бақұлу ----------------- бүкіл денесі
Шұбалшаң ---------------- тері жабыны
Қоңыз --------------------------- ауа қапшығы
Шаршылы өрмекші -------------- шапанша қалтасы

V. Бағалау Топтардың ұпай сандарын есептеу арқылы бағалаймын
VI. Үйге тапсырма Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы. 86 - 88 суреттерді салу
7 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау; анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері
Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері
Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстыру; Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру;
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×