Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері

14 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. 3 А Бөліп шығару
Сабақ тақырыбы: Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстыру;
• ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру;
• өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін атау
• өсімдіктер мен жануарлардың
бөліп шығару өнімдерін зерттеу
Сабақ мақсаттары Оқушылар орындай алады:
• ағзалардың тіршілігіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттайды
• өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін атайды
• өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстырады
• өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттейді
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
• ағзаның қалдықтардан қалай арылатынын талқылау қажет (айтылым және тыңдалым дағдылары)
• сонан соң бөліп шығару анықтамасын жазып, олардың қай жерден шығатыны және қандай мүше өнімдерді ағзадан немесе өсімдік ағзасынан шығаратынын сипаттау арқылы кестеге толтыру (оқылым және жазылым дағыдалары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
• бөліп шығару, бөліп шығару өнімдері
• несепнәр, бүйрек, өкпе, көмірқышқыл қос тотығы, тыныс алу
• су
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы
• Бөліп шығару -...
• Көмірқышқыл газы... үрдісінде өндіріледі
• Су... шығарылады және...

Жетістік критерийлері: • Өсімдіктердің және жануарлардың бөліп шығару мүшелерін біледі. Өсімдіктер мен жануарлардын бөліп шығаратын өнімдерді атайды. Өсімдіктер мен жануарлар бөліп шығаратын өнімдердің кейбіреуін сипаттайды.
Құндылықтарды дарыту
• Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
• Ынтымақтастық
• Өмір бойы оқу
Пәнаралық байланыстар: Заттардың тотығуын оқыту барысында химиямен байланыстыру, газ алмасудағы диффузия процесін физикалық тұрғыдан қарастыру.
АКТ қолдану дағдылары: Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау
Microsoft PowerPoint
Бастапқы білім: Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу

Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
«Мозайка» әдісі бойынша топқа бөліну.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Шеңбер болып оқушылар денсаулыққа байланысты жақсы тілектер айтып сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады.

Жаңа білім
Білу және түсіну
Мұғалім жаңа сабақ мазмұнымен қысқаша таныстырып өтеді. Оқушыларға білу деңгейіндегі сұрақтарды қояды.
1. Ағза үшін зәр шығарудың маңызы қандай
2. Ағзадан шлактар қайдан пайда болады?
3. Өсімдіктерде бөліп шығару қалай жүреді?

Қолдану.
Оқушыларға топтық тапсырма беріледі.
1 топ: Бөліп шығару қызметін атқаратын мүшелер
2 топ: Бөліп шығару органиодтері және мүшелері
3 топ: Бөліп шығарудың маңызы
Мұғалім жаңа терминдермен таныстырады.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Басқұдық селосы, №9 орта мектеп биология пәні мұғалімі
Ногаева Жулдыз Айладыровна

Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері. жүктеу
Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері. слайдын жүктеу
33 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептерін шығарудың негізгі талаптары, оларды шығару жолдары.
Бір жасушалы жануарлар (Одноклеточные животные)
Бір жасушалы жануарлар (Одноклеточные животные)
Бір жасушалы жануарлар керексіз қалдықтарды жиырылғыш вакуоль (сократительная вакуоль) арқылы шығарады.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру үшін топта жұмыс істей (айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын) алады.
Есептер шығару
Есептер шығару
Шамалар арасындағы қатысты табуға арналған есептерді шығарады.
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері
Тыныс алу мен фотосинтезді салыстыра отырып, бастапқы және соңғы өнімдерді толық меңгеріп өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары жайлы ойларын еркін жеткізе алады.
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Өсімдіктер мен пен жануарлар ағзаларындағы жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі арасындағы өзара байланыстарды анықтап, тақырыпты өз бетінше дұрыс түсіндіре алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×