Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүректің құрылысы

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек қақпақшалары. Жүрек жұмысының кезеңдері. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалар.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту.
Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Жүректің, қантамырлардың бөлімдері көрсетілген суреттер, жүректің макеті, электрондық оқулық, флипчарт. Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: С. Т. О. дамыта оқыту.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген «Организмдердің ішкі орасы» тарауы бойынша тапсырмалар беріледі.
Тікелей сұрақтар:
1. Организмнің ішкі ортасын нелер құрайды?
2. Қан қандай ұлпаға жатады?
3. Қан неден тұрады?
4. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы қанша?
5. Лейкоциттердің қызметі
6."Фагоцитоз" құбылысын ашқан кім?
7. Тромбоциттер қайда түзіледі, бұзылады және қызметі қандай?
8. Қанның ұюына нелер қатысады?
9. Донор, реципиент деп нені айтамыз?
10. Агглютинация деп нені айтамыз?
11. Антиденелер адам ағзасында қандай қызмет атқарады?
12. Иммунитет дегеніміз не? Оның түрлеріне сипаттама беріңдер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Қызығушылықты ояту: «Ой шақыру».
Жанды мотор сынбайды,
Күні - түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдай (Жүрек)

2. Тарам - тарам бір ғалам,
Айқыш - ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қантамырлар)
Адамның денесінде ең маңызды рөл атқаратын не? Ойланып көрейік.
(Адамның суретінен жүрек көрсетіледі)
- Жүрек – қан тамырлары туралы не білеміз?

Мұғалім толықтыра отырып, оқушылар өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны тану.
Оқушылар өз бетімен іздене жұмыс істеуі үшін тапсырма беріледі.
Орындалатын тапсырмалар:
1. Жүректің құрылысын зерттеңіз
2. Жүрек жұмысының кезеңдерін сипатта.
3. Артериялар мен веналардың құрылысын салыстыру
4. Капиллярлар қантамырларының құрылысы мен атқаратын қызметі
Уақыт беріледі. Уақыт болғасын оқушылар тапсырма бойынша жауап береді.
Мұғалім әр тапсырмаға қосымша электрондық оқулықтан мәліметтер береді.

ІІІ. Толғаныс.
Оқушыларға өтілген тақырып бойынша мынадай тапсырмалар беріледі:
1. Сурет бойынша құрылысын анықта

2. Биологиялық диктант
1. Жүрек тұтас қалқа арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.
2. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, ал сол жақ бөлігінде қос жақтаулы қақпақша орналасқан.
3. Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы арасында жарты ай тәрізді қақпақшалар болады.
4. Жақтаулы қақпақшалар арқылы қан жүрекшелерден қарыншаларға қарай өтеді.
5. Вена тамырларының ерекшелігі ішінде қақпақшалары болады.
6. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып артериолаларға одан әрі капиллярға айналады.
7. Капиллярлардың веналық ұшы бірігіп венула түзеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 194
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы
Ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгеру. Білімдерін жадында сақтау қабілетін жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі.
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі.
Адамның қанайналым мүшелерімен танысады. Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі білу.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысына, тыныс алу және шығару қозғалыстарына, өкпеде болатын газ алмасу, ұлпа алмасу процесстеріне топтық жұмыс барысында сипаттама беру.
Жүректің құрылысы
Жүректің құрылысы
Адам ағзасының ішкі ортасына сырттай саяхат жүргізе отырып, қан айналымның негізгі мүшесі жүректі таныстыру
Жүректің құрылысы. Қан тамырлары
Жүректің құрылысы. Қан тамырлары
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шауменова Рахима
Жүректің құрылысы мен қызметі
Жүректің құрылысы мен қызметі
Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалык колледжінің мұғалімі Смаилова Гульзада Жумасатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×