Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы

04 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы
Сабақтың мақсаты:
 Ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгеру.
 Білімдерін жадында сақтау қабілетін жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.
 Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дайын суреттер, кестелер, видеолар.

Сабақтың жүрісі:
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ
(Сынып оқушыларына психологиялық жағымды ахуал туғызу.)
Оқушылар шаттық шеңберін жасап тұрады.
- Егер сіз мектепке көтеріңкі көңіл - күймен келсеңіз – оң қолыңызды көтеріңіз
- Егер сіз адамның шыншылдығын бағаласаңыз алға адымдаңыз.
- Егер сіз өз біліміңізге сенсеңіз аяғыңызды қозғаңыз.
- Егер сізге биология пәні ұнаса – қол шапалақтаңыз.
- Егер сіз мемлекеттің болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз - қол ұстасыңыз.

2. ТОПҚА БӨЛУ
Сабағымызды бастамас бұрын топтасып отырамыз. 3 түсті жүрек суретін таратамын. Жүректеріңе жақынырақ түсті жүректі таңдап аласыздар.
1 - веналар ( )
2 - артериялар ( )
3 - капиллярлар ( )

3. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚАЙТАЛАУ
Организмнің ішкі ортасы тарауын қайталау сұрақтары
І. « Миға шабуыл»
1. Организмнің ішкі ортасын құрайды ( Қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы)
2. Қанның қызыл жасушалары (эритроциттер)
3. Тромбоциттердің негізгі қызметі (қанның ұюы)
4. Қанды қабылдайтын адам (реципиент)
5. Ағзаның бөгде заттарға қарсы тұру қабілеті (антидене)
6. Қанның ұюына қатысатын нәруыз (фибриноген)
7. Лейкоциттер қандай жасуша? ( ядролы ақ қан жасушалары)
8. Фагоцитоз құбылысын ашқан адам (Мечников И. И.)
9. Қан қандай ұлпаға жатады? (Сұйық, дәнекер)
10. II топқа қандай қан құяды (I және II топ)
11. Адам организміндегі қан мөлшері. ( шамамен 5литр)
12. Қызыл қан жасушаларының (эритроциттердің) тіршілік ұзақтығы. (120 күн )
13. Қанның негізгі қызметі (тасымалдау, қорғаныш, гуморальды реттелу, жылу реттеу)
14. Эритроциттердегі ерекше нәруыз (гемоглобин)
15. Иммунитет түрлері (табиғи және жасанды)
16. Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)
17. Қан қайда түзіледі (сүйек кемігінде)
18. Лимфада болатын лейкоциттер (лимфоциттер)

«Бейнеу ауданының әкімдігінің
Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі»КММ
Биология пәні мұғалімі: Абдуллаева Маржан Алдонгаровна

Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы. жүктеу
2 868
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Қан тамырлар
Қан тамырлар
Оқушылар қантамырлар түрлері, құрылысы мен қызметінің маңызын біледі. Ой түйін жасай алады, әр дайым ізденісте болады.
Қанайналым мүшелері – жануарлардағы тасымал
Қанайналым мүшелері – жануарлардағы тасымал
Қанайналым жүйесіне кіретін мүшелерді біледі. Ашық және тұйық қанайналым жүйесін ажыратады.
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі.
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі.
Адамның қанайналым мүшелерімен танысады. Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі білу.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысына, тыныс алу және шығару қозғалыстарына, өкпеде болатын газ алмасу, ұлпа алмасу процесстеріне топтық жұмыс барысында сипаттама беру.
Жүректің құрылысы
Жүректің құрылысы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42"Ақ ниет"гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Гүлсезім Құрманғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×