Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ми діңінің құрылысы. Мишық

12 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ
биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна

Тақырыбы: Ми діңінің құрылысы. Мишық
Мақсаты:
- Мидың құрылысы, қызметі, мишықтың қызметі туралы түсінік беру.
- Тірек сызбалар көрсете отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Салауатты өмір сүруге шақыру.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: жұлынның, мидың суреттері.

Сабақтиың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу
2. Түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Жүйке жүйесінің маңызы.
2. Жүйке жүйесінің бөлімдері.
3. Жүйке жүйесінің құрылысы.
4. Жұлынның құрылысы қандай?
5. Жұлынның қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Ми бассүйек қуысында орналасқан. Оның орташа салмағы 1300 - 1400 гр. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі. Адам миы сұйықтықпен толтырылған қуыстардан тұрады. Осы қуыстар ми қарыншалары деп аталады. Сұйықтық түссіз. Оның құрамында қанның жасушалары және ақуыз болады. Сұйықтық ми ішіндегі қысымды реттейді.

Миды 3 қабатты қабықша қаптайды.
Олар :
1. Қатты қабықша
2. Торлы қабықша
3. Қантамырлы қабықша

Ми
ми діңі мишық үлкен ми сыңарлары
(сопақша ми, көпір аралық ми, ортаңғы ми)

Қатты қабықша – мидың сыртқы қабықшасы. Торлы қабықша өте жұқа, сондықтан қантамырлар аз. Ал кіші қабықша көптеген қантамырлардан тұрады. Қантамырлармен қан жүреді.
Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Сопақша мидың ұзындығы 2, 5 - 3 см. Сопақша ми ақ зат сұр заттан тұрады. Сопақша ми өткізгіштік және рефлекстік қызмет атқарады. Сопақша мидың өткізгіштік қызметі қызуды жұлын арқылы мүшелерге жеткізеді. Сопақша мидың рефлекстік қызметі мынадай:
1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату).
2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері)
3) жүрек, қантамырлар.
4) өкпе жұмысын жақсартады.

Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпірі арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді.

Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір - бірімен жалғастырып тұрады. мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан(гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми алмасу, жүрек - қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тыныс алу, қан қысымының тұрақты болуы арқылы миға байланысты.

Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады.

Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық дене бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ - қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе - теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қол - аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе - теңдігі, сөзі бұзылады.

ІV. Қорытындылау.
Енді балалар бүгінгі сабаққа байланысты мен сендерге сандар көрсетемін. Сол сандарды сөйлетеміз.
20
1400 - 1300 г
3
2
130 - 140 мг
Сонымен балалар, ми барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін ұйымдастырып, басқарып, үйлестіріп отырады. Алған ақпаратты бақылайды, салыстырады, бағалайды.
V. Үйге тапсырма.
11 756
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті айтылым - жазылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптастырылады (мысалы, топтық, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер).
Ми. Мидың бөлімдері
Ми. Мидың бөлімдері
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы орташа 1300 - 1400г. Жұлындағыдай мида ақ зат пен сұр заттан құралған.
Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Организмдердің күрделі шартсыз рефлекстік әрекетін реттеуші ми бөлімдері ми діңімен мишықтың қызметі туралы түсінік беру. Мидың негізгі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалім Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Мидың адам ағзасындағы маңызы және мишықтың құрылысы мен қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру. Оқушылардың талдау, салыстыру, қорытындылау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың білік-дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі туралы оқушыларға білім беру Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру әрекетін ұйымдастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×