Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі

22 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жүрек жұмысы, қантамырлар және олардың құрылысын, қызметтерін, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін еске түсіре отырып, жүрек жұмысының автоматизмі туралы түсініктер беру. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуімен таныстыру.
Дамытушылық: Тақырыпты оқыту барысында оқушылардың ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін қалыптастыру ой - өрісін, сана - сезімдерін пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өзіндік жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа, жүйелілікке және жауапкершілікке өз ойын нақты жеткізе отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу
Түрі: дәстүрлі Типі: аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, тест, жеке және топпен, флипчартпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: «Қанайналым» деген кесте, жүректің құрастырмалы үлгісі, электронды оқулықтан үзінділер, интерактивті тақта, слайд, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: Математика, медицина, бейнелеу, өзін - өзі тану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин.)
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгін сыныпта кезекші кім? Сабақта жоқ оқушыларды айта қойыңыз. Отырыңыздар! (оқушылар мұғаліммен амандасады.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(10 мин.)
1. «Миға шабуыл» Оқушыларға сұрақ:
1. Қанайналым дегеніміз не?
Организмде қанның үздіксіз ағуын қанайналым дейді.
2. Қан айналым мүшелеріне нелер жатады?
Жүрек және қан тамырлары жатады
3. Қанайналым шеңбері нешеге бөлінеді?
Ағзадағы қантамырлар екі тұйық жүйе - кіші және үлкен қанайналым шеңберлерін құрайды.

Венн диаграммасы
«Кіші және үлкен қанайналым шеңберлерін салыстыру» флипчартпен жұмыс. Жауабы слайдпен тексеріледі.

Үлкен қанайналым шеңбері
Сол жақ қарыншадан қолқа артериясы арқылы бүкіл денеде газ, зат алмасу өнімдері жүріп оң жақ жүрекшеге қуысты вена арқылы келіп құяды. Артерияда артерия қаны, венада вена қаны болады. Тасымалдау қызметін атқарады.
Ұқсастығы
Тұйық қанайналым шеңберін түзеді, газ, зат алмасу өнімдері болады. Артерия, артериола, капилляр, венула, вена қан тамырлары тән.
Жүректен шығып жүрекке келеді
Кіші қанайналым шеңбері
Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы шығып өкпеде газ, зат алмасып, сол жақ жүрекшеге өкпе венасы арқылы келіп құяды. Өкпе артериясында вена, өкпе венасында артерия қаны болады.

Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі. жүктеу
3 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі.
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі.
Адамның қанайналым мүшелерімен танысады. Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі білу.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
Жүректің құрылысы
Жүректің құрылысы
Адам ағзасының ішкі ортасына сырттай саяхат жүргізе отырып, қан айналымның негізгі мүшесі жүректі таныстыру
Жүректің құрылысы
Жүректің құрылысы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42"Ақ ниет"гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна
Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы
Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектеп. Биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Жүректің құрылысы мен қызметі
Жүректің құрылысы мен қызметі
Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалык колледжінің мұғалімі Смаилова Гульзада Жумасатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×