Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы

Сабақтың мақсаты: Қанның тамырлар бойымен қозғалуы қалай жүзеге асырылатынын түсіндіру, “Қан қысымы”, “Тамырдың соғуы” ұғымдарын тұжырымдау
А) Білімділігі: “Қан қысымы”, “тамырдың соғуы” деген жаңа анатомиялық - физиологиялық түсініктер беру. “Қан айналым” тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау, бекіту және тексеру. Жаңа жағдайларда әрекет ету жолдарын меңгеру
Ә) Дамытушылығы: Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту, оқушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту. Жүйке жүйесінің ширақтылығын дамыту
Б) Тәрбиелілігі: Өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. Жинақылық пен көңіл аударуға үйрету. Санитарлық - гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу, денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу.

Сабақ түрі: Аралас
Сабаққа қолданылатын әдіс - тәсілдер: ауызша, дәріс - сұхбат, көрнекілендіру, өзіндік жұмыс, сынақ
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, сынақ парақшалары

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Оқу - құралдарын тексеру
- Тәртіп, тазалықты қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасы
§36. Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. 87 - сурет
1. “Миға шабуыл” (Слайд)
Қанайналым
Тұйық
үлкен
23 сек 4 сек
кіші
қолқа
капилляр
вена

2. Анықтамалар (Слайд)
Жүрек циклі
Жүрек автоматизмі
Эпикард
Миокард
Эндокард
3. Сәйкестігін тап (Слайд)

1. Ең ұсақ, жіңішке қан тамырлары. а) артериялар
2. Жүректен қанды алып шығады. ә) веналар
3. Қабырғасы жасушалардың бір қабатынан тұрады. б) капиллярлар
4. Қабырғасы жұқа және жұмсақ. в) қолқа
5. Қабырғалары тығыз, серпімді тамырлар. г) лимфа тамырлары

6. Қабырғасы ең қалын қан тамыры.
7. Қан мен ұлпалар арасында алмасу жүретін орын.
8. Сарығыш сұйықтықты жүрекке қарай тасиды.
9. Сол жақ қарыншадан қанды алып шығады.
10. Қолдың сырт жағынан көрініп тұрады.
11. Жасуша аралық сұйықтықты қабылдайды.
12. Қақпақшалары бар.
13. Қанды жүрекке қарай апарады.
14. Артерия қаны ағады.

ІІІ. Жаңа сабақ
(Оқушыларға алдын - ала жаңа сабақ бойынша бағыт бағдар көрсетіліп, тапсырмалар берілді)
Жоспар:
1. Қанның артериялық қысымы
2. Қан қысымын өлшеу
3. Қанның тамырлармен қозғалуы
4. Нейрогуморальды реттелуі

ІV. Зертханалық жұмыс № 9
Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу
Керекті құрал - жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер.

Жұмыс мақсаты:
1. Тамырдың соғуын есептеуге үйрену.
2. Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрену. Оның әр түрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.

Жұмыс реті
1. Оқулықтғы39 - параграфты оқыңдар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырдың соғуы дегеніміз не? Оны қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатынын түсіндіріңдер.
2, Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеуді үйреніңдер.
3. 1 минуттағы: а) отырып; ә) тұрып; б) 10 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соққысын санаңдар.
Әр түрлі бұлшық ет жүктемесі кезіндегі тамырдың соғуының өзгеруі
1 минуттағы тамыр соғысының саны
Тыныштық күйде отырғанда
Қозғалыссыз тұрғанда
10 рет отырып, тұрғаннан кейін

Дұрыс жауабын табыңыз
1. Артериялық қысым қай кезде ең көп болады?
а) жүрекше жиырылғанда
ә) қарынша жиырылғанда
б қарынша босаңсығанда
в) жалпы босаңсығанда
2. Қан қысымы неде жоғары?
а) артерияда
ә) венада
б) капиллярда
в) артериолада
3. Қан ағысының жылдамдығы неде жоғары?
а) өкпе артериясында
ә) қолқада
б) капиллярда
в) венада
4. Тамырдың соғуы дегеніміз не?
а) жүрекшелердің ырғақты жиырылуы
ә) артерия қабырғасының ырғақты тербелісі
б) қанның венамен қозғалуы
в) артериялық қысым
5. капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығы
а) 0, 5 м/с
ә) 0, 25 м/с
б) 0. 50 м/с
в) 0, 5 мм/с

V. Үйге тапсырма
§ 37 Қанның артериялық қысымы
Қанның тамырлармен қозғалуы
VI. Бағалау
15 137
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Омыртқасыз жәндіктердің қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқасыз жәндіктердің қанайналым жүйесінің құрылысы
Шұбалшаңның қанайналым жүйесі әр буылтықта жеке болады. Сақиналы қан тамырлармен өзара байланысқан ірі арқа қантамырынан және құрсақ қантамырынан тұрады. Бұл екеуінен қылтамырлар тарамдалып, теріні және зәршығару, асқорыту, жүйке жүйесі, т. б. ішкі
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық қан және веналық қан
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық қан және веналық қан
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық қан және веналық қан. Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. И. И. Мечников. Фагоцитоздың ашылуы. Қабыну процестері
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер туралы білімдерін жетілдіру.
Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалысы.
Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалысы.
Ақтөбе қаласындағы "№13 орта мектебі"ММ биология пәнінің мұғалімі: Шурина Жансая Нұрбергенқызы
Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы
Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×