Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік ұлпалары

19 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: §5. Өсімдік ұлпалары
Сабақтың мақсаты: өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдіктерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Өсімдік жасушасында қандай процестер өтеді?
2. Цитоплазма қозғалысының қандай маңызы бар?
3. Жасушалар бір - бірімен қалай байланысады?
4. Өсімдіктің тыныс алу процесі қалай жүреді?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке - жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.

Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.
Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д. а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.

Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір - бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.
Ұлпа – жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.

Түзуші ұлпалар (меристема – грекше «меристос» - бөлінуші) ұдайы бөлініп жаңа жасушалар түзіледі. Жануарларда түзуші ұлпа болмайтындықтан өсуі шектеулі болады. Өсімдікте орналасуына қарай: а) төбе(апикальды); ә) бүйір(латеральды); б) қыстырма(интеркалярлы); в) жарақат(каллюс) меристемасы деп бөлінеді. Өсімдіктің ең алғаш өсуі өркені мен тамырының ұшында орналасқан төбе меристемасы мен жанама меристемасы жасушаларының бөлінуінен басталады.

Түзуші ұлпа жасушалары бір - біріне тығыз жанасқан майда - қабықшасы жұқа пектинді – целлюлозалы, цитоплазмасы қою, ядросы ірі, вакуольдері ұсақ (нашар дамыған), қарқынды бөлініп, жаңарып тұрады.

А. Төбе меристемасы (апикальды – латынша «апекс» - ұшы, төбесі) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқандықтан ұзарып өсіреді (сабақ пен тамырдың ұзарып өсуі). Әрбір өркен, тамыр, одан таралған бұтақтарының ұшында, ұрық тамыршасы мен бүршікшесінде төбе меристемасы орналасқан жері өсу нүктесі (үрім) д. а. Өсу нүктесі жарақаттанғанша өсімдік өсуін тоқтатпайды, сондықтан сабақ пен тамыр ылғи ұшынан өседі. Өсу нүктесінің шеткі аймағы жасушаларының бөлінуінен жапырақ төмпешіктері пайда болып, оның жасушалары ары қарай бөлініп бүршіктер дамиды. Төбе меристемасы – вегетативті өркендер, гүл өркендері және тамыр ұшының меристемасы деп бөлінеді.

Ә. Бүйір меристемасы (латеральды) өсімдік сабағы мен тамырының ішкі жағына орналасады, оған перицикл, прокамбий және тоз камбий жатады. Прокамбий жасушалары ұзынша, цитоплазмасы қою, әр түрлі бағытта бөліне алады. Одан өткізгіш ұлпалар мен соңғы түзуші ұлпа, яғни камбий түзіледі. Камбий өсімдікті жуандатып өсіреді. Тоз камбийі қабықтың тоз қабатын жуандатса, перицикл тамырда болатындықтан одан жанама тамырлар дамиды.

Б. Қыстырмалы меристема (интеркалярлы) астық тұқымдас өсімдіктердің(бидай, жүгері, күріш) буынаралығының түбі мен жапырақ сағағының түпкі жағында, гүл сидамында орналасады. Қамыс, жүгері, бидай, т. б. өсімдік сабақтарының буынаралықтары ұзаруы мен жапырақтардың қынабының жалпақ болып өсуі меристеманың осы түріне байланысты.

В. Жарақат меристемасы (каллюс) атына сай өсімдіктің әр түрлі әсерден (зиянкестер, жануарлар, адамдардың әсері) сынып зақымданған жеріне жақын жатқан тірі жасышалардың бөлінуінен түзілетін ұлпа. Дереу, өте қарқынды бөліне бастаған жасушалар көлемін ұлғайтып зақымданған жерді түгел жабатындай дәрежеге жетеді. Әсіресе жапырақ, жас өркендер мен тамырдың зақымданған жері тез жетіліп бұрынғы қалпына келеді. Жарақат меристемасы жасушаларының бөлінуі нәтижесінде өткізу қызметін атқаратын жеке жасушалар түзіледі. Соңғы кезде ғылымда аналық өсімдіктен жасушалар тобын бөліп алып жасанды қоректік ортада өсіру әдісін пайдалану қолға алына бастады. Мұндай әдістің ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында баяу көбейтетін, сирек кездесетін өте құнды түрлерді көбейтуге пайдасы зор болмақ.
Қорыта келгенде, өсімдікте болатын барлық ұлпа түзуші ұлпадан түзіледі, себебі жасушалары дамылсыз бөлініп жаңа жасушалар пайда болады. Өсімдіктің барлықы мүшелері ұзарып, ағаштар мен бұталардың жылдан жылға жуандап өсуі тек түзуші ұлпаға ғана байланасты. Түзуші ұлпа болмаса, өсімдік өспейді және дамымайды, жаңа мүшелер мен ұлпалар түзілмейді.
Жабын ұлпа өсімдіктің барлық мүшелерінің сыртын қаптап жауып тұратын жасушалар жиынтығы. Негізгі қызметі: өсімдіктің ішкі жағындағы су, газ, жылуды тұрақты етумен қатар сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан, зиянды жәндіктер мен микроағзалардың зақымдануынан қорғау. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамсыз етеді. Жабын ұлпа – алғашқы (бастапқы) және соңғы деп 2 - ге бөлінеді. Алғашқы жабын ұлпаға жер үсті мүшелерін қаптап тұратын өң (эпидермис) және тамыр сыртын қаптап тұратын өң(эпиблема) жатса, соңғы жабын ұлпаға тоз бен қыртыс жатады.

Өсімдік ұлпалары. жүктеу
4 914
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Жасушалары бір-бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалындап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды.
Өсімдік ұлпалары. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Өсімдік ұлпалары. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×