Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 6
Тақырыбы: ІІ тарау. Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері.
§7. Тамыр және тамыр жүйесі
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электрондық оқулық, бейне фильмдер.
Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Кейбір оқушыларға карточкалар таратылады. Сол арқылы бағаланады.

1 – карточка
І. Әр ұлпаның құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай кестедегі бос орынға тиісті рет санын жаз.
1. Жасушалары бір - бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалындап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды.
2. Тірі жасушалар тобынан тұрады; зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсу мен майлардың артығын қорға жинайды. Ішінде хлоропластары бар тірі жасушаларда органикалық зат түзіледі; жапырақ пен сабақтағы жасушалардың арасындағы кеңістіктерде ауа, су жиналады; ол өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттырады.
3. Жасушалары алғашында тірі болғанымен өсе келе қабықшасы қалыңдап, цитоплазмасы кеуіп, өлі жасушаға айналады да, беріктігі болаттай болады. Қанша дауыл соқса да жапырақтары жыртылмай, нәзік сабақтары сынбай өсуіне себепкер болады.
4. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы толық, вакуольдері ұсақ сабақ пен тамырдың ең ұшында болады, өсімдіктің ұзарып, жуандап өсуіне әсер етеді.
5. Өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасады. Жасуша пішіндері атқаратын қызметіне байланысты қабықшасы жұқа, көп уақытқа дейін тірі қалпында сақталады, кейде басқа ұлпа жасушаларының арасында шашырап жатады. Зат алмасу нәтижесінде бөлінген заттар өсімдікті малға жем болудан, зиянды микробтар мен жәндіктерден сақтайды, жабын ұлпамен тығыз байланысты.
6. Атқаратын қызметіне байланысты жасуша пішіндері түрліше болып өзгерген. Жасуша қабықшасы сүректенген қалың, өте көп майда саңылаулары бар, сол арқылы ерітінді сүзіліп, екінші жасушаға өткізіледі.

ІІ. Өң мен тоз қай ұлпаға жатады, астын сыз.
1. Түзуші; 2. Өткізгіш; 3. Жабын; 4. Тірек; 5. Негізгі; 6. бөліп шығарушы
2 – карточка
І. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз
Биологиялық диктант
1. Тек... 2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. 2. Өңнің кейбір жасушалыры ұзарып өсіп... айналады. 3. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған... болуы. 4. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып... деп атайды. 5.... жасуша қабықшасы жұқа бір - бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. 6. Шайыр жолы, эфир майы каналы, сүт жолдары, бездеуітті, жабысқақ түктер, безді қабыршақтар, шірнеліктер... ұлпаға жатады. 7. Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін, жер үсті мүшелеріне... жеткізеді. 8. Өсімдіктерде тірек ұлпасы... болып саналады. Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін.... 10. Жабын ұлпа... деп бөлінеді.
Жауаптары: 1) ұлпаларының; 2) түзуші ұлпа; 3) түзуші ұлпаның; 4) өң, тоз, қабық; 5) түкке; 6) негізгі ұлпа; 7) тірек ұлпасы; 8) қаңқасы; 9) өткізгіш ұлпа; 10) бөліп шығарушы ұлпа.

№5 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау.
Мақсаты: Тамыр жүйесі мен тамыр типтерінің мәнісін ажырыратып, өзіндік ерекшеліктерін практика жүзінде талдап, зерттеу.
Құрал - жабдықтар: кіндік тамыр жүйесі бар қауын, қарбыз, сәбіз, бақбақ, жоңышқа және т. б. өсімдіктерінің кеппешөптері (егер кеппешөптер болмаса алдын ала тұқымнан өсіруге болады (күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақ). Сабақтан 10 - 15 күн бұрын тамыр жүйесі шыққанға дейін ыдыстағы суға пиязды орналастырады. 10 күн бұрын сәбіздің де жемтамырын топыраққа көмсе, жіңішкерген жерінен дамыған жанама тамырлары шығады.

Жұмыстың барысы:
1. Алдарыңа берілген асбұршақ немесе қауын, қарбыз, т. б. өсімдіктің кеппешөбінен тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып (негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр), суретін салып аттарын жазыңдар.
2. Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін (сабақ өтерден 10 - 15 күн бұрын) қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.
3. Шашақ тамыр жүйесін – бидай, жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.
4. Алдын ала (10 күн) бұрын топыраққа көмілген сәбізден кіндік тамыр жүйесін қарап, жанама тамырларын ажыратыңдар.
5. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтың суретімен салыстырыңдар.

Толық нұсқасын жүктеу
3 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі) 2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше) 3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді ?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі) 4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×