Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік ұлпалары. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 5
Тақырыбы: §5. Өсімдік ұлпалары §6. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Сабақтың мақсаты: өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдіктерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Пияздың мөлдір өңінен жасаған препараттан жасушаның анық көрінген бөліктерін атаңдар. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай? Саңырау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?
Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді? Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашалығы және жасушаға не үшін қажет? Вакуоль қандай қызмет атқарады?
Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлерінің қайда кездесетінін сызбанұсқа (схема) немесе кесте сызып толтырыңдар. 2. Жасуша қабықшасының қасиетін талдаңдар.

1 – карточка
Әр сөйлемдегі жасуша бөлімдерінің қасиетін, атқаратын қызметін оқып, мұқият талдап, сәйкес келетіндерінің тұсындағы рет санын кестеге толтыр.
1. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттеп, керексіз улы заттарды ыдыратуға қатысатын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын. 2. Сыртында екі қабат саңылауы қабықшасы бар цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын және көбеюге қатысатын жасушаның ең қажетті құрамдық бөлігі. 3. Тек өсімдік жасушасында ғана болатын фотосинтез процесіне қатасытын органоид. 4. Құрамында су, нәруыз, май болатын, барлық күрделі тіршілік әрекетіне қатысатын желімтек, созылмалы, қоймалжың тірі зат. 5. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет беріп, ішкі бөлімдерін зақымданудан қорғайды.

2 – карточка
І. Пияздың мөлдір қабықшасы жасушасындағы көрсетілген сандарды кестеге берілген бөлімдердің тұсына жаз.

ІІ. Көп нүктенің орнына тиісті жауаптың нөмірін жаз.
Биологиялық диктант
1. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент -... бар. 2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты... дейді. 3. Жасуша...,...,.... 4. Қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін... тұрады. 5. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене –.... 6.... жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. 7.... жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. 8. Хромопласт пластидтер дамуының.... 9....... жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. 10. Пластидтер гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға...,... түс береді.
Жауаптар: 1) Целлюлоза; 2) Цитоплазма; 3) Ядро; 4) Хлорофилл; 5) Лейкопластар; 6) Вакуоль; 7) Піскен жемістердің; 8) Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9) Қызыл, сары; 10) Ақырғы кезеңі.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке - жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.
Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.
Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д. а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.
Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір - бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.
Ұлпа – жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.
Түзуші ұлпалар (меристема – грекше «меристос» - бөлінуші) ұдайы бөлініп жаңа жасушалар түзіледі. Жануарларда түзуші ұлпа болмайтындықтан өсуі шектеулі болады. Өсімдікте орналасуына қарай: а) төбе(апикальды); ә) бүйір(латеральды); б) қыстырма(интеркалярлы); в) жарақат(каллюс) меристемасы деп бөлінеді. Өсімдіктің ең алғаш өсуі өркені мен тамырының ұшында орналасқан төбе меристемасы мен жанама меристемасы жасушаларының бөлінуінен басталады.
Түзуші ұлпа жасушалары бір - біріне тығыз жанасқан майда - қабықшасы жұқа пектинді – целлюлозалы, цитоплазмасы қою, ядросы ірі, вакуольдері ұсақ (нашар дамыған), қарқынды бөлініп, жаңарып тұрады.

№3 - 4 - зертханалық жұмыстар.
Тақырыбы: Өсімдік ұлпалары.
Мақсаты: Өсімдіктерге тән ұлпалардың құрылысын салыстырып зерттеу.
Құрал - жабдықтар: бидайдың 10 күндік жас өскіні, қарағаш, қарағай, терек қабықтары, өрік, жаңғақ сүйектері, алмұрт жемісі, сәбіз, қызылша жемтамырлары, асқабақ немесе жүгері сабағы, бақбақ кеппешөбі (гербарий), бөлме өсімдігі – фикус, қарағай шайыры.

Жұмыстың барысы:
1. Бидайдың 10 күндік жас өскінінің тамыр ұшынан препарат жасап микроскоп пен қарап түзуші ұлпамен танысу, жасуша ерекшеліктеріне көңіл аудару.
2. Бөлме өсімдігі жапырағының астыңғы мөлдір өңін сылып алып, препарат жасап, микроскоппен қарап өң жасушалары – жабын ұлпамен танысу. Қарағай, қарағаш, терек қабықтарын қарау.
3. Өрік сүйегі, грек жаңғағының сүйегін жай көзбен қарау. Алмұрт жемісінің жұмсақ етіндегі қатты түйірін әбден езіп, микроскопта тірек ұлпасы жасушаларымен танысу.
4. Сәбіз, қызылша жемтамырлары, пиязшық пен кактустың (немесе басқа да шырынды өсімдіктер) сабағын жай көзбен қарап, қор жинаушы ұлпамен танысу.
5. Жүгері, асқабақ сабақтарының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап өткізгіш ұлпамен танысу (бар болса дайын микропрепаратты пайдалануға болады).
6. Сүтті шырын ағатын, шайыры бар өсімдіктердің (сүттіген, бақбақ, таусағыз, бөлмедегі фикус, т. б.) кеппешөптерін, қарағай шайырын қарап, бөліп шығарушы ұлпалармен танысу.

Нәтижесі:
І. Берілген сипаттамалардың тұсындағы әріпті дәл келетін ұлпа бағанына жазыңдар:
1. а) өсімдіктерді әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды; ә) жасушалары жас, ұдайы бөлінеді; б) өсімдікте органикалық зат түзуге қатысады; в) жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайды; г) өсімдікті жуандатып өсіреді; ғ) жапырақтың жұмсақ бөлігіне күн сәулесін еркін өткізеді; д) өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіреді; е) сыртқы ортамен қатынас жасап, газ алмасу, су булануды реттейді; ж) құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктердің жасушаларында су жинаушы.

Толық нұсқасын жүктеу
5 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдік ұлпалары
Өсімдік ұлпалары
Өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Жасушалары бір-бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалындап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды.
Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Есекеева Жанат Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×