Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

04 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өліп біткен қосмекенділер, қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты: Өліп біткен қосмекенділер, қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, қосмекенділерді қорғау туралы түсінік алады.
Шығармашылық қабілетін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету, қорытындыға келу дағдыларын дамыту.
Топтық жұмыс негізінде өзара ынтымақтастық атмосферасын құру, табиғатты қорғай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: Қосмекенділердің шығу тегі туралы түсінік қалыптастыру. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызына баға береді.
Керекті жабдықтар: кестелер, интерактивті тақта.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі: Көмектеседі, құрастырушы, танымдық тапсырмаларды өз бетімен қадағалау.
Оқыту әдісі: шығармашылық - ізденісті
Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру формасы: Белсенді іздену
Оқушыда дағды қалыптастыру: сөйлеу, логикалық ойлау, салауатты өмір сүре алу, өзін бағалай алу ұжымда жұмыс жасай алу.

Үй тапсырмасын сұрау:
1 - топ. Қызығушылықты ояту «ой қозғау» стратегиясы
«Ертегімен жұмыс»
Бір патшалықта кішкентай, бірақ әдемі, сұлулығымен көз тартар көл болыпты. Осы қамысы мен жасыл желегі жайқалған көл жағасында кәдімгі көлбақа түріне жататын бақалар бейбіт тіршілік етіп жатыпты. Олардың суы да, қорегі де жеткілікті болған. Бір күні жергілікті патша көршілес патшалыққа барып, бақалардың сирағынан дайындалған тәтті тағамды жеп көрді. Бұл тағамның патшаға ұнағаны сондай өз үйіне келгеннен кейін көлдегі барлық бақаны аулап алып, тәтті тағамдар дайындауға бұйрық береді. Бейбіт тіршілікке, жасыл желегі жайқалған көлге қайғы келеді. Жергілікті халық та ауруға шалдыға бастайды. Халықтың қандай аурумен ауырғанын, не себептен ауруға шалдыққанын надан патша түсінбеді. Балалар Сендер қалай түсіндіріп берер едіңіздер?
2 - топ «Белгілерді ажырата біл»
1. Тері жабыны тегіс
2. Терісінің сырты қабыршақпен қапталған
3. Жұп көкірек және жұп жүзбе қанаттары бар
4. Иық белдеуінде сыңар төс сүйегі және жұп жауырын, бір бұғана, бір жұп қарға сүйектері бар.
5. Жүрегі үш бөлікті
6. Бір ғана қанайналым шеңбері бар.
7. Екі қанайналым шеңбері бар.
8. Жүрегі екі қуысты
9. Терісі арқылы да тыныс алады
10. Тек дернәсілдері желбезекпен тыныс алады
11. Су ағысының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар
12. Ихтиология ғылымы зерттейді.

Дайын жауаптары арқылы тапсырмалар тексеріледі:
Жауаптар:
“Ертегімен жұмыс”
Халық безгек ауруына шалдықты, ол безгек масасы арқылы жұғады. Масалармен қоректенетін бақаларды құрту нәтижесінде бунақденелілердің саны артып, безгек ауруының күрт көбеюіне әкелді.
«Белгілерді ажырата біл»
Балықтар Қосмекенділер
2, 3, 6, 8, 11, 12 1, 4, 5, 7, 9, 10.

3. Сурет жұмбақ жасыру(бақаның ішкі құрылысын, дене бөліктерін тез - тез атау)

Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты меңгеруде «ФИШБОУН» стратегиясын пайдалана отырып, оқушылар өздері жинақтап келген ресурстардан 2 тақырып «Өліп біткен қосмекенділер, қосмекенділердің шығу тегі» және «Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау» тақырыпшалары бойынша түсініктерін ортаға салады.

4. Білім минуты (әр топ тез – тез жауап береді)
1. Қосмекенділердің арғы тегі қандай жануарлар?
2. Қосмекенділердің қандай маңызы бар?
3. Қосмекенділерді қорғау шаралары қандай?
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:

Мижигова Молдир Даулетжановна
Крылов атындағы орта мектеп
Қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. жүктеу
2 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар класы
Құстар класы
Оқушыларға құстар класын естеріне түсіре отырып, Құстар класының типіне мағлұматтар беру.
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н.С. Манаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектебінің биология пән мұғалімі Нсанова Гүлсім Меллятқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×