Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биологиядан бақылау сұрақтары

16 наурыз 2019, Сенбі
Категориясы: Биология
7 сыныпта «Балдырлар», «Көпжасушалы жасыл балдырлар», «Теңіз балдырлары» тақырыптарына бақылау сұрақтар

1. Көпжасушалы балдырларыдың денесін............ деп атайды (таллом)

2. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды (хроматофор)

3. Қай кезде біржасушалы балдырлар балдырлардың жасушалары екіге бөлінеді (өсімді көбею кезінде)

4. Балдырлардың қандай көбею кезінде талломындағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. (жыныссыз көбейгенде)

5. Жыныс жасушаларын............ деп атайды (гамета)

6. Жыныс жасушаларының қосылу нәтижесінде............... пайда болады (зигота)

7. Балдырлардың жыныссыз көбейетін ұрпағы (спорофит)

8. Балдырлардың жынысты көбейетін ұрпағы (гаметофит)

9. Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан шамамен неше жыл бұрын пайда болған (1, 5 млрд жыл бұрын)

10. Тоқтау суларда мекендейтін балдыр (хламидомонада)

11. Бұл балдырдың жасуша қабықшасы жасұнықтан (целлюлозадан) тұрады (хламидомонада)

12. Хламидоманада көбейеді (жынысты және жыныссыз жолмен)

13. Талшықты балдыр (хлорелла)

14. Бұл балдырдың қызыл көзшесі бар (хламидоманада)

15. Жыныссыз көбейгенде бұл балдырдың жасушасы 2 - ге, 4 - ке, 16 - ға, 32 - ге бөлініп сонша есе кішірейген хламидомонадаға айналады, оларды қалай аталады (зооспора)

16. Әр зооспорадан кішірек жыныс жасушалары пайда болады. Олар қалай аталады (гаметалар)

17. Тек қана жыныссыз жолмен көбейетін жасыл балдыр өкілі (хлорелла)

18. Хламдоманада мен хлорелла балдырларымен кім қоректенеді (суда тіршілік ететін жәндіктермен балықтар)

19. Қандай балдыр түрін асқа күніне 3 мезгіл қосып жегенде адам мазасызданып, тырнақтарының асты көгеріп, қанталап кеткен (хлорелла, өйткені хлоренның жасұнықты жасуша қабықшасын адамның асқорыту мүшелері қорыта алмаған)

20. Қай жасыл балдыр өкілі топырақта, ағаш діңдерінде, бөлмедегі гүл құмырасы сыртының, топырақ бетінің жасыл болып тұруына байланысты (хлорокок)

21. Хлорокок балдырының талшығы болама (ия)

22. Хлорокок балдырының көзшесі болама (жоқ)

23. Спирогира қандай балдыр өкілі (көпжасушалы)

24. Спирогира құрылысына кіреді (вакуоль, цитоплазма, хроматофоралар, ядро)

25. Улотрикс – қандай балдыр өкілі (көпжасушалы)

26. қандай балдыр түрі ағын су түбіндегі заттарға бекінеді (улотрикс)

27. Қандай балдыр түрлері күн сәулесінің қатысуыменхоматофорларына судағы еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Сонымен бірге сіңіріп, ағзалық зат түзіп, қоректенеді. (жасыл балдырлар)

28. Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар (қоңыр, қызыл балдырлар)

29. Қазақстанда Каспий теңізінде болатын балдырлар (қоңыр, қызыл балдырлар)

30. Қоңыр, қызыл балдырлар қандай түрге жатады (көпжасушалы)

31. Қоңыр балдырлардың қанша түрі бар (1500)

32. Ламинария қандай балдыр (қоңыр)

33. Қағаз өндірісінде пайдаланатын балдыр (кладофора)

34. Теңіз орамжапырағы деп қандай балдырды атайды (ламинария)

35. Ерте заманда, шамамен 1, 5 млрд жыл бұрын фотосинтездеуші балдырлар ауаны қтекппен байытып, өздері құрғаққа шыққан, ненің бастамасы болды? (құрғаққа шыққан өсімдіктер)

36. Қытай мен Жапонияда арнайы табиғи жағдайында өсіріліп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады (порфира қызыл балдыры)
2 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біржасушалы балдырлар
Біржасушалы балдырлар
Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды.
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар, олардың әртүрлілігі, біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру. Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Көпжасушалы балдырлардың құрлысы, көбеюі және біржасушалы балдырлардан айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру.
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, № 28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Нина Сайм
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×