Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір жасушалы жасыл балдырлар

25 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Балдырлар - көбінесе суда, ылғалды топырақта, таста және ағаш діңінде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлардың табиғатта көпжасушалы, біржасушалы, шоғырлы түрлері бар. Олардың көпшілігінде тамыр, сабақ және жапырақ болмайды, сондықтан денесі қатпаршақ (таллом) деп аталады.

Балдырларда храмотофорлар және пигменттер болады (сондықтан жасыл, қызыл, қоңыр, т. б. түсті болып келеді). Олар өсімді жолмен (денесінің бір бөлігімен), жыныссыз (спора арқылы) және жынысты (жыныс жасушалары қосылып) көбейеді.
Жасыл балдырлардың өкілі - хламидомонада, хлорелла, хлорококк. Олардың құрылысында өзіндік ерекшеліктер болады.

Бір жасушалы жасыл балдырлар
1. Балдырлардың тіршілік етуі: Теңіз, көл, өзендерде және тоқтау суларда, топырақта.
2. Балдырлардың түрлері: Біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы.
3. Көпжасушалы өкілдерінің денесі қалай аталады? Таллом (қатпаршақ).
4. Таллом дегеніміз не? Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі.
5. Таллом қандай мағына білдіреді? Грекше «таллос»- өсінді, қатпаршақ.
6. Балдыр жасушасындағы хроматофор саны - 1, 2 кейде одан да көп.
7. Хроматофор дегеніміз не? Балдыр жасушасындағы хлоропласт.
8. Хроматофордың түстері қандай? Жасыл, қызыл, қоңыр.
9. Балдыр жасушасы қабықшасының сыртын не қаптайды? Сілемейлі қабық.
10. Сілемейлі қабықтың маңызы неде? Балдырдың суда жеңіл қозғалуына, төсемікке жеңіл бекінуіне көмектеседі.
11. Балдырлар қалай көбейеді? Өсімді, жыныссыз, жынысты.
12. Балдырлардың өсімді көбеюі - кезінде біржасушалы балдырлардың жасушалары екіге бөлінеді.
13. Балдырлардың жыныссыз көбеюі: Талломындағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Зооспоралар төсемікке бекініп өніп, балдырға айналады.
14. Балдырлардың жынысты көбеюі: Аталық жыныстық жасушасы мен аналық жыныс жасушасы өзара қосылуы арқылы жүзеге асады.
15. Гамета дегеніміз не? Жыныс жасушалары.
16. Теңіздің, мұхиттың түбінде тіршілік ететіндеріне қарағанда суда қалқып тіршілік ететіндер саны жүздеген есе артық.
17. Балдыр хроматофорында фотосинтез нәтижесінде түзілетін зат: Крахмал.
18. Хроматофорларының пішіні - тақта, білезік, жұлдыз, астауша, дән, таспа тәрізді.
19. Біржасушалы жасыл балдырлардың пайда болуы - 1, 5 млрд жыл бұрын пайда болған.
20. Біржасушалы жасыл балдырлардың өкілдері: Хламидомонада, хлорелла, хлорококк.
21. Тоқтау суларда тіршілік ететін жасыл балдыр: Хламидомонада.
22. Хламидомонаданың жасуша қабықшасы неден тұрады? Жасунықтан (целлюлоза).
23. Хламидомонада хроматофорының пішіні: Терең астау тәрізді.
24. Хламидомонаданың хлорелладан айырмашылығы. Тез қозғалатын екі талшығы және қызыл көзшесі болады.
25. Хлорелла хроматофорының пішіні: Жазық астау тәрізді.
26. Хлорелла қалай көбейеді? Тек қана жыныссыз жолмен. (талшықсыз споралар түзу арқылы).
27. Неліктен хлорелланы соңғы кезде ірі қара мен құстың жеміне қосып береді? Тез көбейетін болғандықтан.
28. Өсіру жағынан өндірістік жолға қойылған балдыр: Хлорелла.
29. Жапонияда хлорелладан алынатын заттар: Нәруыз, витаминдер.
30. Нанның түрлерін пісіруге пайдаланылатын балдыр: Хлорелла.
31. Балдырдың қай түрінен энергия алу көзделіп отыр? Хлорелла.
32. Топырақта, ағаш діңінде тіршілік ететін бір жасушалы балдыр: Хлорококк.
33. Хлорококтың көбеюі: Жыныссыз, жынысты жолмен.
34. Балдырларды зерттейтін ғылым саласы: Альгология.
35. Алгология ғылымы қай ғасырда пайда болды? 19 - ғасырдың ортасында.
36. Ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік: Хлорелла.
37. Н. Н. Горожанкиннің еңбегі: 1875 жылы хламидомонада мысалымен жыныстық үдерісті ең алғаш дәлелдеді.
110 352
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Биологиядан бақылау сұрақтары
Биологиядан бақылау сұрақтары
Көпжасушалы балдырларыдың денесін............ деп атайды (таллом)
Біржасушалы балдырлар
Біржасушалы балдырлар
Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды.
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар, олардың әртүрлілігі. Көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар, олардың әртүрлілігі, біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру. Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Көпжасушалы балдырлардың құрлысы, көбеюі және біржасушалы балдырлардан айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру.
Бір жасушалы балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, № 28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Нина Сайм
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×