Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біржасушалы балдырлар

16 наурыз 2019, Сенбі
Категориясы: Биология
Биология 6 сынып
Тақырыбы: Біржасушалы балдырлар
Мақсаты: Білім алушыларға тірі ағзалар дүниесіндегі орын алатын төменгі сатыдағы жасушалар тобына жататын біржасушалы балдырлар туралы мәлімет беру.
Міндеті: Таллом, хламинодомонада, хлорелла терминдеріне толық анықтама беріп, олардың маңызын түсіндіру
Дамытушылығы: Білім алушылардың төменгі сатыдағы өсімдіктер ішіндегі біржасушалы балдырлар туралы білетін білімдерін одан әрі толықтырып, дамыту.
Білімділігі: Білім алушылардың біржасушалы балдырлардың көбею ерекшеліктері, құрылысы, маңызы туралы білімдерін толықтыру
Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, отандық өсімдіктерге қызығушылығын арттыруға, ұжымшыл болуға баулу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Құрал – жабдықтар: Біржасушалы балдырлар суреттері, электрокөрсетілімдер, флипчарттар

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жіктеу
1. Балдырлар туралы жалпы мәлімет
2. Жасыл балдырлар
3. Хлорелла мен хламидомонада балдырлары
1. Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Таллом – денесінде ұлпалар болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік. Жасшалары бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары мен вакуольдері болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды - хромотофор деп атайды. Балдырлар талшықты не талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде кездеседі. Олар өсімді, жынысты, жыныссыз көбейеді
Балдырлар түсіне қарай
Жасыл Қоңыр Қызыл
2. Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан шамамен 1, 5 млрд жыл бұрын п. б. Бір өкілі – хламидомонада. Ол тоқтау суларда мекен етеді. Хломидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан тұрады. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуоль және қызыл көзшесі болады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. жыныссыз көбейгенде жасушасы 2 - ге, 4 - ке, 16 - ға 32 - ге бөлінеді.
Хлорелла да біржасушалы балдырға жатады. Оның хломидомонададан айырмашылығы оның тез қозғалатын екі талшығы және көзшесі болмайды. Екі балдырлармен де суда жүзетін балықтар қоректенеді.
Хлорококк – топырақта, ағаштың діңінде өседі.
Әсер етуші факторлар

IІІ. Бекіту. Алгология – ботаниканың балдырларды зерттейтін бөлімі. Хлорелл ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік.

ІV. Сабақ қорытындысы: Балдырлар көбіне суда, ылғалды топырақта, таста және ағаш дініңде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар хлорофиллден және пигменттерден құралады.

V. Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы
2 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биологиядан бақылау сұрақтары
Биологиядан бақылау сұрақтары
Көпжасушалы балдырларыдың денесін............ деп атайды (таллом)
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар, олардың әртүрлілігі. Көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар, олардың әртүрлілігі, біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру. Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Көпжасушалы балдырлардың құрлысы, көбеюі және біржасушалы балдырлардан айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру.
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пәні мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×