Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: «Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға ұлпалардың құрылысын, құрамын, қызметін түсіндіру, білімін шыңдау, білімдерін жетілдіру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың түрлі ойын элементтерін пайдаланып ой өрістерін дамыту, ұлпалар жөнінде білмдерін ұштап дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың өту әдісі: ауызша, баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кесте, ұлпалардың суреттері

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Гүлзарлар бағы»
ІІІ. Жаңа сабақ баяндау
ІҮ. Венн диаграммамен жұмыс
Ү. Тапсырмалар орындау
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысы: «Жасушаның химиялық құрамы»
«Гүлзарлар бағының» сұрақтары:
1. Нәруыз дегеніміз не?
2. Көмірсулар дегеніміз не?
3. Майлар дегеніміз не?
4. Жасушалардың құрамы қандай заттардан тұрды?

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша.
Ұлпа дегеніміз – шығу тегі атқаратын қызметтері ұқсас жасушалармен жасушааралық заттар жиынтығы. Адам ұлпалары 4 түрге бөлінеді:
1) эпителий ұлпасы
2) дәнекер ұлпасы
3) Бұлшықет ұлпасы
4) Жүйке ұлпасы
Эпителлий ұлпасы жабын ретінде ағзаның сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелердің ішкі мүшелердің ішкі және сыртқы бетін қаптап жатады, көптеген бездерді түзеді. Эпителлий ұлпасының қызметі:
- қорғаныс
- сіңіру
- бөліп шығару
- сыртқы және ішкі ортаны бөліп тұру
Эпителий ұлпасының түрлері:
- бір қабатты
- көп қабатты
Жасушалар пішініне қарай 6 топқа бөледі:
1. жалпақ эпителий
2. текшелі эпителий
3. кірпікшелі эпителий
4. сезгіш эпителий
5. безді эпителий
Дәнекер ұлпасы басқа ұлпаларды дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасы әр түрлі жасушалардан және олардың бөлетін жасуша аралық сұйықтықтан тұрады, әр түрлі қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасының түрлері:
- тығыз талшықты дәнекер ұлпасы
- борпылдақ талшықты
- сүйекті
- шеміршекті
- қан ұлпасы

ІҮ. Венн диаграммасымен жұмыс
Эпителий ұлпасы: Жабын ретінде ағзаның сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелердің ішкі мүшелердің ішкі және сыртқы бетін қаптап жатады, көптеген бездерді түзеді.
Ортақ қасиеті: Ұлпа
Дәнекер ұлпасы: Басқа ұлпаларды дәнекерлеп тұрады, әр түрлі жасушалардан және олардың бөлетін жасуша аралық сұйықтықтан тұрады, әр түрлі қызмет атқарады.

Ү. Кітаптағы тапсырмаларды орындау.
ҮІ. Бекіту сұрақтарын қою.
Ү. Үйге тапсырма беру. §7. Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі
ҮІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау, журналға баға қою.
76 838
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер.
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау Жасушаның құрылысын оның органоидтерін білу; мәтінмен жұмыс істеу барыснда оқулықтағы суреттерді пайдалану.
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Тері. Жылу реттеу
Тері. Жылу реттеу
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектептің биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Терінің құрылысы және атқаратын қызметі
Терінің құрылысы және атқаратын қызметі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология, химия пәні мұғалімі Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×