Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тері. Жылу реттеу

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Тері. Жылу реттеу

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы, тері аурулары туралы алған білімдерін қорытындылау
ә) Дамытушылық: кесте толтыру, сәйкестікті анықтау, жаңа сөздерге анықтама беру дұрыс тұжырымдарды анықтау арқылы оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын дамыту
б) Тәрбиелік: оқушыларды шешім қабылдағыштыққа, өз ағзаларын күте білуге салауаттылыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу
Сабақ типі: Қорытынды сабақ
Сабақ түрі: Аралас
Сабаққа қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, лупа, суреттер
І. Ұйымдастыру:
- Оқушыларды түгелдеу
- Тәртіп, тазалықты қадағалау
- Оқу - құралдарын тексеру
ІІ. Қорытынды сабақ

Жоспар:
1. Ассосациялық сұрақтар
2. Кесте “терінің құрылысы мен қызметі”
3. Біліміңді сына “Терінің рөлі қандай?”
4. Жұмбақтар
5. “Сынақтан сүрінбе?”
6. Зерттеу
7. “Суреттер сөйлейді” (слайд)
8. Анықтама сөздер

Оқушыларды («Биологтар»; «Дерматологтар»; «Косметологтар») 3 топқа бөліп білімдерін жарыс түрінде өткізу.
1. Ассосациялық сұрақтар:
1) Тері дегеніміз не?
2) Неге шыныққан адамдар аз ауырады?
3) Теріні не үшін күтеміз?

3. Кесте “терінің құрылысы мен қызметі” (құрлысы мен қызметі ауыстырылып беріледі, тиісті сөйлемді орынына қою)
Терінің қабаттары
1. Эпидермис
Құрылым ерекшелігі:
Көпқабатты эпителий, сыртқы қабаты - мүйізді қабат, өлі жасушалардан, ішкі - өсуші қабат - тірі жасушалардан тұрады.
Қызметі:
Теріні сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзалардан қорғайды.

2. Дерма (нағыз тері қабаты)
Құрылым ерекшелігі:
Дәнекер ұлпасынан тұрады, қалыңдығы 1 - 205 мм, қантамырлары, лимфа, жүйке талшықтары жиі орналасқан. Бұл қабатта түктің түбірі, тер, май бездері орналасқан.
Қызметі:
Тер мен зат алмасу өнімдері шоғырланған, су - тұз алмасу реттеледі, дене температурасы реттеледі.

3. Тері астындағы май клетчаткасы (гиподерма)
Құрылым ерекшелігі:
Май жасушаларына толы, қалың, жұмсақ ширатылған талшықтардан тұрады.
Қызметі:
Ішкі мүшелерді, ұлпа мен сүйекті соққыдан сақтайды, ішкі мүшелерді жылу мен суықтан қорғайды.

3. Біліміңді сына
“Терінің рөлі қандай?”
1) Тері – жабын мүшесі, неге?
2) Тері – қорғаныш мүшесі, неге?
3) Тері – сезім мүшесі, неге?
4) Тері – дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы, неге?
5) Тері – зәр шығару мүшесі, неге?
6) Тері – тыныс алу мүшесі, неге?
7) Теріде дәрумені түзіледі, қандай?
8) Теріде қоңыр пигмент түзіледі, неге?
9) Теріде бездер бар, қандай?

4. Жұмбақтар
1) Тау басында бәйтерек, бәйтерекке су керек. (бас, шаш)
2) Өзінің жаны жоқ
Жандыға жабысып күн көреді. (тырнақ)
3) Газды да алмастырады, суды да бөледі.
Ыстық-суығыңды да сезеді,
Күте білсең аурудан да қорғайды. (тері)

5. “Сынақтан сүрінбе?”
1. Терінің сыртқы қабаты.
а) шел ә) эпидермис б) дерма

2. Терінің сыртқы қабатындағы ұлпа.
а) жүйке ұлпасы ә) бір қабатты эпителий б) көп қабатты эпителий

3. Нағыз тері қабаты.
а) дерма ә) шел б) эпидермис

4. Тері бездері терінің қайсы қабатында орналасқан?
а) эпидермис ә) дерма б) шел

5. Нағыз тері қабаты қандай ұлпадан тұрады?
а) майлы ұлпа ә) эпителий б) дәнекер

6. Терінің қызметтері.
а) қорғаныш ә) эпителий б) екеуі де

7. Қоңыр пигмент терінің қайсы қабатында түзіледі?
а) шел ә) эпителий б) дерма

8. Теріде түзілетін дәрумен.
а) Д ә) В б) С

9. Саусақ басын қорғайтын терінің мүйізделген құрамы
а) май ә) тырнақ б) шаш

10. Газдардың алмасуы терінің қандай қызметіне негізделген
а) зәр бөлу ә) қорғаныш б) тыныс алу

6. Зерттеу (биологтар, дерматологтар, косметологтар қол ұшының сыртың және алақанды зерттеп мамандығына сай жауап беру)

7. “Суреттер сөйлейді” (слайд)
1. Тері аурулары
2. Тері күйгенде
3. Үсік шалғанда
4. Тері ауруларының алдын алу. Шынығу
5. Бет күтімі
6. Тырнақ күтімі
7. Шаш күтімі
8. Киім гигиенасы
9. Аяқ киім гигиенасы
10. Киім таңдай білесіз бе?
11. Әдемілікті қалайсыз ба?

8. Анықтама сөздер
Эпидермис
Дерма
Май клечаткасы
Витилиго
Темретка
Дерматолог
Рецепторлар

Ақша жоғалтқаның ештеңе жоғалтпағаның
Уақыт жоғалтқаның аз жоғалтқаның
Денсаулық жоғалтқаның бәрін жоғалтқаның.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл -
Үшеуімен бақытты болады өмір.

Өз денсаулығыңды күт!
Өз организміңді шынықтыр!
ІІІ. Бағалау
«3», «4», «5» бағаларын қою арқылы, қорытынды бағасын шығарамыз
10 152
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Теріні қоршаған орта мен организм арасындағы шектеуші мүше ретінде анықтай алады
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушылардың ойын арқылы ой - өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту. Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту;
Терінің атқаратын қызметі
Терінің атқаратын қызметі
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев Жаңажол орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шакирбаева Маржан Адырбайқыз
Тері құрылысы, маңызы және аурулары. Гигиена
Тері құрылысы, маңызы және аурулары. Гигиена
Астана қаласы, № 53 лицей - мектептің биология және өзін - өзі тану пән мұғалімі Малгельдинова Қизат Айдарханқызы
Терінің маңызы мен құрылысы
Терінің маңызы мен құрылысы
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Терінің құрылысы мен қызметі
Терінің құрылысы мен қызметі
Биология пәні мұғалімі: Демеугалиева Гулнафис
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×