Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгенге маржан

08 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
“Тіршілік нәруызды денелердің өмір сүруі” атты мектепішілік биология апталығы
“Білгенге маржан”атты білім сайысы 9 сынып
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың белсенділіктерін арттыру, жылдам ойлау, есте сақтау, ұжымдасып жұмыс жасай отырып нәтиже шығару, білімге қызығу дағдыларын қалыптастыру.
Қатысатын топтар:
Генетика тобы. Эволюция тобы

Сайыстың барысы:
1. Ой сергіту.(Сұрақ - жауап)
2. Білім биржасы.(Ойланып жауап беру)
3. Фантастикалық жануар.(Слайд бойынша)
4. Бәйге.(Генетика және халықтық педагогикаға байланысты мақал - мәтел және жұмбақтар)

І. Ой сергіту.
“Генетика” тобына
1. Бейорганикалық қосылыстардан органикалық қосылыстарды синтездейтін не? (Автотрофтар)
2. Организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттердің пайда болуы.(Адаптация)
3. Бірінші болып ғылымға биология терминін енгізген кім? (Ж. Б. Ламарк)
4. Ч. Дарвинді кішкентайынан қандай ғылымдар қызықтырды? (Жаратылыстану, геология, ботаника, зоология)
5. Жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым. (Палеонтология)
6. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. (Генетика)
7. Жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу. (Өзгергіштік)
8. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік. (Модификациялық өзгергіштік)

“Эволюция” тобына
1. Органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процессі.(Эволюция)
2. Эволюциялық теорияны құрастырған данышпан кім?(Ч. Дарвин)
3. Эволюцияның негізгі қозғаушы күші.(Табиғи сұрыпталу)
4. Дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың артуы және аймақтың кеңеюі.(Биологиялық прогресс)
5. Дарақтар саны мен олардың жүйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы.(Биологиялық регресс)
6. Тұқымқуалаушылықты іске асыратын не?(Хромосомада орналасқан гендер)
7. Ата - ана белілері мен қасиеттерінің ұрпаққа берілуі.(Тұқым қуалаушылық)
8. Тұқым қуалайтын өзгергіштік.(Мутациялық)

ІІ. Білім биржасы.
“Генетика” тобына
1 - сұрақ. “Жорғалаушылар ғасыры” қай заман? Ол заман неге “жорғалаушылар ғасыры” деп аталды?
Жауап: Мезозой заманы. Ұзақтағы 165 млн жылға созылған мезозой заманын органикалық дүниенің даму тарихында “жорғалаушылардың ғасыры” деп атайды. Өйткені жорғалаушылар тіршілік ортасына жақсы бейімделіп, өсіп, кеңінен тарала бастайды.
2 - сұрақ. Ең алғаш пайда болған тірі организмдер автотофтар ма, әлде гетеротрофтар ма?
Жауап: Алғашқы тірі организмдер дайын органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофтар болған.
3 - сұрақ: Ең алғаш фотосинтез өсімдіктің қай түрінде жүрді?
Жауап: Көк жасыл балдырда.
“Эволюция” тобына
1 - сұрақ. Атақты американдық экономист Смит осы зат туралы былай деген екен:“Бұл заттың қажеттілігі соншалықты, онсыз өмір сүру де мүмкін емес және өте арзан, ал өмірге ешқандай да пайда келтірмейтін алмаз өте қымбат бағаланады”. Бұл қандай зат?
Жауап: Су
2 - сұрақ. Бұрынырақта грузиндер мен черкестер қыздарына иненің ұшын шешек іріңіне батырып, оны қыздарының денесіне инемен жырып жіберетін болған. Шешек эпидемиясы адамдарды қырып жіберетін болса, неге бұлай жасаған?
Жауап: Шешек ауруына қарсы иммунитет қалыптастыру үшін.
3 - сұрақ. Қарағайлар арасындағы жарық үшін күрес, қасқырлардың жемтігі үшін бір - бірімен қақтығысы күрестің қай түріне жатады?
Жауап: Тіршілік үшін түрішілік күрес.

ІІІ. Фантастикалық жануар.
Слайдта дене мүшелері әртүрлі жануардан құрастырылған сурет беріледі. Қай мүше қандай жануардыкі екенін ажырату қажет.
“Генетика” тобына
Фантастикалық құс: Басы ‒ бүркіт
Мойны ‒ аққу
Денесі ‒ пингвин
Аяғы ‒ түйеқұс

“Эволюция” тобына
Фантастикалық жануар: Басы ‒ бұғы
Мойны ‒ керік
Денесі ‒ жолбарыс
Аяғы ‒ лама
Құйрығы ‒ ат

IV. Бәйге.
Мақалдың жалғасын табу.
1. Тектіден текті туар....(сараланып)
2. Теріңді өзгерте алсаң да,...(тегіңді өзгерте алмассың)
3. Аяғын көріп асын іш,...(анасын көріп қызын ал).
4. Жеті атасын білген ер,...(жеті жұрттың қамын жер).
Жеті атасын білмеген,...(құлағы мен жағын жер).
5. Жұртыңды ауыстыра алсаң да,...(ұлтыңды ауыстыра алмайсың).
6. Салтыңды ауыстыра алсаң да,...(халқыңды ауыстыра алмайсың).

Мәтелдер
1. Ағаш көркі ‒ жапырақ,...(адам көркі шүберек).
2. Дәрі шөптен ‒ шығады,...(дана көптен шығады).
3. Дала көркі ‒ мал,...(өзен көркі тал).
4. Тау бұлағымен көрікті,...(бұлақ кұрағымен көрікті).
5. Қораңда малың болсын,...(көшеңде талың болсын).
6. Ағаш ексең аялап,...(басыңа болар саябақ).

Жұмбақтар.
1. Жазда жайнайды, күзде жайрайды.(жапырақ)
2. Мойны сұрақ белгісі, бұл қандай көл құсы.(аққу)
3. Бұйра тұлымы желмен ойнайды, қызыл мұрыны жерге бойлайды.(сәбіз)
4. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты...(жолбарыс)
5. Айбат шегер алыстан, аң патшасы...(арыстан)
6. Уылжыған албырт, дәмі ғажап...( алмұрт)

Қорытынды: Әділқазылар алқасы пән мұғалімімен бірігіп сайысты қорытындылады. Сайыс кезінде оқушылардың белсенділігі күшейді. Пәнге бұрынғыдан да қызыға түсті. Топ мүшелері ұжымдасып жұмыс жасай отырып танымдық қызығушылықтары дамыды.
І орын ‒ Генетика
ІІ орын ‒ Эволюция
Білім сайысы өз мақсатына жетті. Әр топ білімдеріне сәйкес марапатталып риза болып қайтты.
10 465
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр биологы зияткерлік сайысы
ХХІ ғасыр биологы зияткерлік сайысы
Оқушыларға жалпы биология ғылымы туралы білім беру және ғылыми көзқарасын қалыптастыруда жетілдіру. Cынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
Эволюцияның дәлелдемелері
Эволюцияның дәлелдемелері
Эволюция туралы, тірі ағзалардың дамуын, будандастыру түрлері, әдістері, дәлелдемелері туралы мағлұмат беру және білімдерін қалыптастыру;
Генетика тарауын қорытындылау
Генетика тарауын қорытындылау
Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Жусубалина А.Б.
Генетика мен селекция
Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып, құзыреттіліктерін дамыту.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Цитология. Цитологияның міндеттері
Цитология. Цитологияның міндеттері
Атырау қаласы, №36 орта мектептің биология мұғалімі Рахимова Альмира Мелисқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×