Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр биологы зияткерлік сайысы

04 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сайыстың тақырыбы: «ХХІ ғасыр биологы» зияткерлік сайысы
Сайыстың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға жалпы биология ғылымы туралы білім беру және ғылыми көзқарасын қалыптастыруда жетілдіру.
Дамытушылық: Cынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге, өз бетімен білім алуға, жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: дайын слайдтар, интерактивті тақта
Сайыстың шарттары:
І тур. Бәйге
ІІ тур. Жорға
ІІІ тур. Ғажайып алаң
ІV тур. Тұлғаны таны
V тур. Жорға

1 кезең «Бәйге» сұрақтар берілген оған оқушылар таяқшаны көтеру арқылы жауап береді. Әр жауап 10 ұпайдан есептеледі.
2 кезең «Көкпар» туры 6 бөлімнен тұрады, әр оқушы 1 бөлімді таңдайды. Әр бөлім 5 сұрақтан тұрады. Бір сұрақ 10 бал. 2 тур қорытындысы бойынша 3 ойыншы ойыннан шығады.
3 кезең «Ғажайып алаң» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
4 кезең «Тұлғаны таны» ереже бойынша ғалымдардың кім екенін тану керек. Оқушылар әр жауабына 10 ұпай беріледі.
5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке - жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

І тур. Бәйге
1. 1 гр май ыдырағанда қанша кДж энергия бөлінеді. В) 38, 9
2. 1920 - 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым? А) Ж. Күдерин;
3. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты? С) 1978
4. Қызыл кітапта сүтқоректілердің қанша түрі енгізілген? С) 40
5. Вирус терминін кім және қай жылы ғылымға енгізді? С) 1899ж М. В. Бейерник
6. Ағзадағы гормондардың аз мөлшерде өндірілуі. С) Гипофункция
7. Гормондардың әсерінен болатын реттелу. С) Гуморальдық реттелу
8. Жасушаның құрамындағы органикалық зат: В) Нуклеин қышқылы
9. Адреналин гормонын бөлетін - без С) бүйрек үсті без.
10. Сілекей бөлінуін реттейтін орталық - В) Ортаңғы ми.
11. Дене тұрқы 10 метрге жететін таспа құрт: А) сиыр цепені
12. Ертедегі өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым В) палеоботаника
13. Паразит саңырауқұлақтар С) қаракүйе.
14. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым саласы: С) гельминтология
15. Нейронның қысқа өсіндісі С) дендрит

ІІ тур. Жорға
Қан жасушалары
1. Қан жасушалары Эритроцит, лейкоцит, тромбоцит
2. Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физиолог ғалым? И. И. Мечников
3. Қанның 1 мм кубында қанша тромбоцит болады? 250 - 400 мың
4. Адамда сирек кездесетін қан ұйымайтын ауру? Гемофилия
5. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы? 120 - 127 тәулік 4ай

Генетика
1. Генетика терминін ұсынды? 1906 жылы ағылшын генетигі У. Вэтсон
2. Генетика зерттейді? Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік
3. Әр түрлі алльелдерден тұратын организм? Гетерозиготалы организм
4. Г. Мендель тұқым қуалау заңын қай жылы ашты? 1865 жылы
5. 1901 жылы Де Фриз ұсынды? Мутация теориясы

Экология
1. Тірі организмдер биологиясын, тіршілігін адам іс - әрекетімен байланыстыра зерттейді? Биоэкология
2. Табиғаттың өзгерісіне бақылау жасап, баға беру және болжау. Экологиялық мониторинг
3. Ең ірі экологиялық жүйе? Биосфера
4. Популяция, бірлестіктер, экожүйелер арасындағы қарым - қатынастар жиынтығы? Синэкология
5. Ноосфера тұжырымын ұсынды? В. И. Вернадский

«Бейнеу ауданының әкімдігінің
Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
Биология пәні мұғалімі: Абдуллаева Маржан Алдонгаровна

ХХІ ғасыр биологы зияткерлік сайысы. жүктеу
2 274
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Құрмалас сөйлем қайталау
Құрмалас сөйлем қайталау
Қостанай қаласы, №9 отра мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зейноллаева Гульден Талгатовна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы Қызылорда қаласы №7 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×