Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сезім мүшелері - анализаторлар

12 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері - анализаторлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сезім мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: көздің, құлақтың, тілдің, мұрынның суреттері,
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, суретпен жұмыс, сұрақ - жауап, жазбаша жұмыс.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу, сынып тазалығы
Ә) оқушыларды түгелдеу
Б) оқушы назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ми бөлімдерін ата.
2. Адам миының өзіне тән қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
3. Ер адам мен әйел адамның миында айырмашылық бар ма? Болса қандай?
4. Мидың сұр заты мен ақ заты туралы не білесіңдер?
5. Ми қыртысы дегеніміз не?
Үй тапсырмасын сұрау бөлімін қорытындылау мақсатында мидың суреті бейнеленген тапсырма таратылады. Суретте ми бөлімдері көрсетілген, оқушылар аттарын тауып жазулары тиіс.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алдымен оқушылардың сезім мүшелері туралы тақырыпқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында көздерін байлап «Кім сезгіш» ойынын ойнаймыз.

Алдарына ащы құрт, тәтті конфет, ерлер мен әйелдер әтірлері және түрлі заттар беріледі. Оқушылар қысқа уақыт ішінде, көздері жабулы күйінде әр затты сипап сезу, иіскеп сезу және дәм сезу мүшелері арқылы заттардың атауларын табулары қажет. Осылайша кімнің сезгіш екендігін анықтаймыз және сезім мүшелері дегеніміз не екендігін қысқаша түсіндіріп өтемін.

Сезім мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын, тіл) суреттеріне жеке - жеке тоқталамын, әр қайсысының қызметі туралы айтып өтемін. Мысалы: көз - көру мүшесі, құлақ - есту мүшесі, мұрын - иіс сезу мүшесі.
Анализаторлар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Анализаторлардың қ ы р т ы с бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Биологиялық диктант.
И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген --------- негізгі үш:---------,---------- және ----------- буынынан тұрады.
------------ - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.
Жауаптары:
И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген анализатор негізгі үш:
рецепторлар, жүйке жолдары және ми орталығы буынынан тұрады.
Сезімтал мүшелер - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.
Сезім мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын, тіл) суреттер
V. Үйге тапсырма.
Анализаторлар туралы ізденіп келу.
15 624
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Тері – адамның ішкі ағзасын қорғап тұратын мүше. Ол арқылы ыстық - суықты сеземіз. Жұмсақ пен қаттыны ажырата аламыз.
Менің кішкентай көмекшілерім
Менің кішкентай көмекшілерім
Балаларды көз құлақ мұрын тіспен таныстыра отырып дене мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы
Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42"Ақ ниет"гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна
Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз
Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз
Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі
Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі
Сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып - білудегі орны, маңызымен таныстыру. Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуді үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×