Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай аудны, Х. Наубетов атындағы
орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмашева Шарбану Насырқызы

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып - білудегі орны, маңызымен таныстыру.
2. Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуді үйрету.
3. Тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер, оқулық, магнитті тақта, түрлі заттар, көкөністер, үлкейткіш шыны( лупа), интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Иісті қалай сезесің?
2. Иісті сезінудің қандай пайдасы бар?
3. Егер мұрныңды жауып қойып, затты ұстап көрсең, оның қандай қасиеттерін не белгілерін сезіне аласың?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Біз көреміз, естиміз, әртүрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз.
Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшесі арқылы беріледі.
Олар:
- көз - көру мүшесі;
- құлақ - есту мүшесі;
- мұрын - иіс сезу мүшесі;
- тіл - дәм сезу мүшесі;
- тері - ыстық пен суықты сезу мүшесі;
Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді, қоршаған әлемді танып білеміз. Оқушылардың ойын дамыту мақсатында жұмбақ жасыру.
Жұмбақ.
Жолдың екі жағында тұратын екі ағайынды бірін - бірі көрмейді.
(көз)
Көз - қандай мүше?
Көз – көру мүшесі.
Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: «Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі, адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың барлығын көруге, түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек.

ІҮ. Дәптермен жұмыс.
Ү. Сергіту сәті.
ҮІ. Сұрақ - жауап.

ҮІІ. Мақал. Оқушылармен көз жанарынан айырылған адамдарға көмектесу туралы әңгімелесіп, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыру. «Көзің ауырса, қолыңды тый»мақалының мәнісін түсіндіру. Адамның көру мүмкіндігін күшейтетін құралдардың бірі - үлкейткіш шыны лупамен таныстыру. Оның қандай жағдайларда қолданылатынын айту. Лупаны қолдарына беріп, әртүрлі заттарды қарап көрулерін байқау.

ҮІІІ. Сауықтыру сәті.
Егер көз шаршаса мынадай жаттығуларды орында:
- Көзді қатты қысып, қайта аш (5рет)
- Көзді айналдыра қозғалт (солға - жоғары - оңға - төмен), (10рет)
- Қолыңды алға соз. Қолдың саусағына қара, жайлап қол ұшын мұрныңа жақындат, содан кейін жайлап, керісінше алыстат. (5рет
25 427
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көз – адамның айнасы
Көз – адамның айнасы
Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға, көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Тері – адамның ішкі ағзасын қорғап тұратын мүше. Ол арқылы ыстық - суықты сеземіз. Жұмсақ пен қаттыны ажырата аламыз.
Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары
Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары
Көру мүшелерінің маңызын білу; Көру мүшелерінің гигиенасын сақтау.
Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі
Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз
Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз
Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×