Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам

08 қазан 2014, Сәрсенбі
Сабақ тақырыбы: «Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам»
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер. Теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету. Түрлі – түсті қарындаш, ақ бет, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың - Алтын Күн
Армысың – Көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос
Жарқырасын күніміз.
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың күз мезгілі
- Күз айларын кім айтады?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Ал қазір күздің қай айы?
- Қазір қыркүйек айы.
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Күн суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киінеді.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрлі нұр шашады.
- ол бағдаршам.
- Өте дұрыс жауап.
Осы кезде бағдаршам есік қағып кіреді, балалармен амандасады.
- Балалар бұл не?
- Бұл бағдаршам.
- Бағдаршамды сендер қай жерден көресіңдер?
- Көліктер өтетін жолдан көреміз.
- Бағдаршамның қызметі қандай?
- Жол тәртібін реттеуші.
- Қай жолмен жүреміз?
- Жиек жолмен жүреміз.
- Жиек жол болмағанда ше?
- Жер асты жолымен жүреміз.
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
- Аялдамадан отырамыз.
- Бағдаршам туралы тақпақтарымызды айтайық.

Диас:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта, сақтан, жол ашық
Жүрме жолға таласын
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға

Әсем:
Қызыл жанды тоқтағын
Көрдің жұрттың тосқанын
Сары жанды дайындал
Айналаңа қарап ал
Жасыл жанды тыңдағын
Жолың ашық тұрмағын

Аңсаған:
Мен көшеде өтерде
Бағдаршамға қараймын
Қоймаған ғой бекерге
Жәрдемшісі ол талайдың.
- Балалар, алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылдары америка қалаларында екі түсті (қызыл, жасыл) электрлі бағдаршам болды. 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қалаларының көшелерінің қиылысынан орын алды.
Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
- Балалар, қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ойнату арқылы сұрақтар қойып, білімдеріңді сынға салғысы келіп тұр. «Қай топ данышпан». Ол үшін үш топқа қызыл, сары, жасыл түстер болып бөлінеміз.

Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды?
2. Қандай түсті?
3. Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?
4. Қандай түстер? (балалардың жауабы)

Сары түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Суреттен не көргенін айтып беріңдер?
2. Көлік аттарын атаңдар?
3. Бағдаршамның қызметі қандай?
4. Адамдар қай жолмен жүру керек?

Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Бағдаршам жолдың қай жерінде орналасқан?
2. Алғашқы бағдаршам қайда орналасқан?
3. Оны ойлап тапқан адамның есімі барма?
4. Біздің ауданымызда бағдаршам барма?

Сергіту сәті:
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.)
- Өте жақсы балалар, сендер данышпансыңдар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Жолда жүру ережелерімен таныстыңдар. Бағдаршамның адамға көмегі бар екенін түсіндіңдер. Алғашқы пайда болған бағдаршамның екі түсті, қазіргі уақыттағы бағдаршамның үш түсті көзі бар екенін білдіңдер. Ендігі болашақта қандай бағдаршам болса деген өз қиялындағы ойларыңды ақ қағаз бетіне түрлі - түсті қарындашпен бағдаршамның суретін салыңдар.
Әр бала салған суреттерін әңгімелеп береді.
27 100
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Балаларға бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
Жомарт күз
Жомарт күз
Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларға күз сыйлығы, жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру мен түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Алтын күзім арайлы!
Алтын күзім арайлы!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №12 балабақшасының тәрбиешісі Сарыбаева Сағыныш Шегебайқызы
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Г. Агайдарова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×