Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жомарт күз

16 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Жомарт күз
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларға күз сыйлығы, жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру мен түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд тақтасы.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз көк аспан,
Сәлем дейміз жер ана.
Сәлем дейміз баршаңа.

Ұйымдастырушылық ізденістік
Жапырақтар сарғаяды,
Күн бұлттанады.
Жаңбыр жиі жауады.
Құстар жылы жаққа ұшады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? (күз)

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Қандай мезгілдер?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінің айларын атайықшы?

Қыркүйек айы Айзере

Менің атым – Қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтын айымын! Сендер мен туралы не білесіңдер?

Қазан айы Гулсезім

Менің атым – Қазан. Жиын-терімнің соңғы аймын! Еңбекқор елді той думанға кеңейтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?

Қараша айы Кәусар

Күздің соңғы айы – Қараша деген мен боламын! Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктері бар? Кім біледі!

Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Мінеки сендер Күз айларымен таныстыңдар.

- Апта күндері неше күннен тұрады?
- Апта күндері қандай?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Балалар күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Тәрбиеші:

- Күз мезгілі. Алтын күз, сары күз, қоңыр күз деп аталады.
Балалар, бізге Алтын күз қонаққа келді.

Алтын күз:
Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін барлығыңыз керемет әдемі болып кетіпсіңдер! Балалар, мен сендерге жұмбақ алып келдім, соны дұрыс шешсеңдер бәріміз бірге ойын ойнаймыз. (Балалар жұмбақтың шешуін табады).

Жұмбақ.
Қызыл, жасыл кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады толқиды.

Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.

Тәрбиеші:
Алтын күз біздің балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарымыз бар.

Сергіту сәті:
Кәне, балалар мен сендермен би билеп жіберейік.

Ойын: Жемістер мен көкөністер
Шарты: Жемістер мен көкөністерді ажырату.

Алтын күз.
Өте жақсы балалар мен енді кетейін. Күз мезгілінен соң қыс жақындап келеді. Келесі жылы күзде жүздескенше. Сау болыңыздар!

Рефлексиялық түзетушілік Қорытынды:

- Қонаққа бізге кім келді?
- біздер қандай ойын ойнадық?
- Жемістер мен көкөністер қай кезде піседі екен?

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Алиева Гүлмира Догдырбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Күз мереке, күз береке
Күз мереке, күз береке
Күз мезгілінің мерекелі, берекелі екенін ұғындыру, жемістер мен көкөністерді ажырату, пішінін ажыратуға үйрету, күз ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Алтын күз
Алтын күз
Курмалова Асель Агисовна Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×