Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапалақтап қар жауып тұр

29 желтоқсан 2018, Сенбі
2 - ші кіші «Қошақан» тобы.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жапалақтап қар жауып тұр.
Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуге ықпал ету. Қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түспен ақ түстің бір - бірімен үйллесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал - жабдықтар: сурет дәптер, төмпешіктерге салынған тіс пастасы, мақта таяқшалар. в
Сөздік жұмыс: алғашқы қар, ұлпа қар, жеңіл, үлпілдеген.

Мотивациялық - қозғаушылық.
Ертөстік атты бақшаның
Тәрбиелі баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме!

Шаттық шеңбер.
- Балалар, қане, қане тұрайық шаттық шеңберін құрайық досымыздың қолынан ұстап дөп дөңгелек болып тұрайық.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, жауабын шешіп көріңдерші.

Жұмбақ
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
Дұрыс айтасыңдар балалар қар
Қар қай жыл мезгілінде жауады?
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Ұйымдастырушылық -
Ізденістік. Ғажайып сәт.
Есік қағылып ішке аю кіреді. Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар! - Балалар, бізге қонаққа кім келді?
Дұрыс айтасыңдар аю!
- Балалар, қыста аю ұйқыға кетеді, ол көктемде ғана оянады ғой.. Олай болса бізге аю неге келді екен?
Аю: дұрыс айтасыз. Мен қыс біткенше ұйықтаймын, көктемде оянамын. Мен қардың қандай болатынын, қардың қалай жауатынын көрмеймін. Сендер маған көрсете аласыңдар ма?
- Балалар, аю қыста ұйқыға кеткендіктен, Ол қардың қандай болатынын, қардың қалай жауатыны көрмейді.
Аюға көмектесейік пе?
Жақса балалар, олай болса орнымызға отырайық. Аяғымызды жинап, арқамызды орындыққа тіреп отырамыз.
Аю кел сен мұнда отыр.
Олай болса балалар жапалақтап жауған қарды аюға көрсетейік.
Видио ролик көру.
Қар қыс мезгілінде ғана жауады екен.
Қардың түсі аппақ ұлпа сияқты екен.. Қар жапалақтап жауады. Қар жауғанда жердің бәрі аппақ болады. Күн жылынғанда қарлар ериді. Еріген қарлар күн суығанда қайта мұз болып қатады.
Қардың түсі қандай болады?
- Жылы ма әлде суық па?
Сөздік жұмыс: алғашы қар, ұлпа қар, жеңіл, үлпілдеген сөзін қайталап айтайық.
Билингвальді компонент: қар - снег.
Аю: қандай әдемі, бірақ мен көктемде оянғанша ұмытып қаламын ғой.
Олай болса аю біз саған жауып тұрған қардың суретін салып берейік. Жауып тұрған қардың суретін салу үшін біз тіс пастасын пайдаланып, мақта таяқшасы арқылы жауып тұрған қардың суретін саламыз. Мақта таяқшасын оң қолымызға ұстап тіс пастасына батырып жоғарыдан төменге қағаздың бетіне нүкте қою арқылы дақ түсіреміз.. Жапалақтап жауған қар үлкен болады және көп жауып жатқанда шырша, тоғайдың үстіне де қар жауып тұрғанын саламыз.
Мақта таяқшасын аузымызға салмаймыз. Қолымыз кір болып қалса сүлгімен сүртеміз.
Үлгі бойынша салып көрсетемін,
Балалар сурет салмас бұрын аюмен бірге сергіп алайық

Сергіту сәті
«Қоңыр қонжық»
Қоңыр қонжық көңілді
Міне бізге келеді
Шапалақтап қуанып
Иіліп сәлем береді
Қоңыр қонжық көңілді
Міне, бізге келеді.
Топылдатып айналып
Бізге билеп береді.
- Балалар, орнымызға отырып жауып тұрған қардың суретін алдымен ауада салып көрейікші. Мақта таяқшасын оң қолымызға ұстап, жоғарыдан – төмен нүкте қою арқылы саламыз.
Енді дәптерімізді жақындатып сурет салуға кірісейік.
Аю саған балалардың салған суреттері ұнады ма?
Аю: Ия, ұнады сендер салған суреттеріңді маған естелікке бересіңдер ме? Сендердің суреттеріңді апаныма апарып іліп қоямын.
Балалар, аюға естелікке берейік пе?
Олай болса аю сен өзіңе ұнаған суреттерді жинап ал.
Аю: Суретті қандай жақсы саласыңдар. Менің ұйқым келді, орманға қайтуым керек.
Рахмет сендерге балалар сау болыңдар.
Сау болыңыз!
Тәрбиеші Акимбаева А.
Жапалақтап қар жауып тұр жүктеу
Ақ ұлпа қар жауып тұр жүктеу
5 470
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс – әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру; құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс - әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру;
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс – әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру; құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Балаларға жыл мезгілдерінің өзгеруіне көңіл бөлуге, қоршаған ортадағы – үйлерге, ағаштарға, жерге қардың қалай жаутындығын бақылату
Аппақ қар
Аппақ қар
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×