Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аппақ қар

28 желтоқсан 2018, Жұма
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызметі: Сурет
Тақырыбы: Аппақ қар
Мақсаты:
Б. м: Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Д. м: Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру
Т. м: Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекіліктер: қысқы көрініс, қардың суреттері
Билингвалды компонент: аяз – мороз, аппақ қар – белый снег, қыс – зима.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қардың түс, түр, пішіндері туралы түсініктерді
Игерді: Қардың қыста жауатынын, оның әр түрлі күйге енетінін
Меңгереді: Қар туралы тақпақтар, жұмбақтар үйренді, қардың суретін салуды, жапсыруды және мүсіндеуді меңгерді.

Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
- Балалар сендер де тоңып қалған шығарсыңдар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап жылы тілектерімізді айтайық.

Ұйымдастыру - шылық -
ізденістік - Балалар, қазір қай мезгілі екен білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын тауып көріңдер.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды,
Қарға омбығып,
Бет домбығып.
Балдырғандар ойнайды.
- Бөбектерім, айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады?
Аппақ - аппақ ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.
- Балалар мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

Суретке қарап әңгіме айтыңдар.
Сергіту жаттығуы:
Аппақ - аппақ жапалақтап,
Қар жауады тамаша.
Ойын ойнап шаттана
Жасаймыз біз ақ қала.
- Балалар қыс туралы жұмбақ білесіңдер ме?
— Балалар бүгін біз сурет сабағында қардың бейнесін саламыз, қағаздан қиып жапсырамыз және мүсіндейміз.
Аппақ қар жүктеу
3 688
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жапалақтап қар жауып тұр
Жапалақтап қар жауып тұр
Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуге ықпал ету. Қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату.
Армысың, қар ұшқыны!
Армысың, қар ұшқыны!
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы ақыл - ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
Ақ ұлпа қар
Ақ ұлпа қар
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Қыс ғажайыптары
Қыс ғажайыптары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Қали Дәмегүл Кеңесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×