Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала шақтан болашаққа

06 маусым 2014, Жұма
Тақырыбы: « Бала шақтан болашаққа»
Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобында алғашқы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көк байрағың желбіретіп, ән - әнұранын асқақтатын Еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін, мектепалды даярлық тобын ортаға шақырайық.(Балалар ортаға кіреді.)

Би: Вальс. Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңіз де есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
Дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді бастағым келеді!

Тәрбиеші: Бүгін біздің бір жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектепалды даярлық топпен шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Қанекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Тәрбиеші: Балалар бізге Маша келіп тұр екен. Сендер білесіңдер ме оны? Ол да сендермен бірге бірінші сыныпқа барғысы келіп отыр! Бірақ Аю оған тапсырмалар беріпті. Ол сендерге көмек сұрауға келіп тұр! Көмектесеміз бе?
Балалардың жауаптары: Ия!

Тапсырма: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді қазір бәріміз бірге ортаға шығып «Дос болайық бәріміз» әнін айтайық

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Тәрбиеші: Ал енді балалар қараңдаршы біздің Машамызға Аю тағы бір тапсырма беріп тұр екен! Ол тапсырма сұрақтарға жауап беру. Кәне бәріміз оған көмектесейікші! Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Сабаққа ерте тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытында бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 932
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Жолың болсын балдырған!
Жолың болсын балдырған!
Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, тәрбиелерінің, өнерлерінің нәтижесін көрсету. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулып, адамгершілікке,
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×